Бір көргеннен-ақ сілекейіңізді шұбыртып, тәбетіңізді ашар кітаптар мен басылымдар топтамасын жинап қойдық.

Ас туралы әдебиеттер қарапайым аспаздық кітаптармен шектелмейді. Бұл жанр әртүрлі форматтар мен стильдер арқылы ерекше жобалар ұсынып келеді. Мұнда жапон полицейінің зейнетке шығып, шағын мейрамхана ашқаны туралы әңгімелерден бастап, 208 беттік тұшпара туралы комикске дейінгі түрлі туындыларды табуға болады. Тіпті азық-түліктен жасалған қарулар туралы кітап та бар! Біз тамақ пен сусындар туралы ерекше кітаптар топтамасын жинадық. Олар күнделікті өміріңізге жаңа дәм қосып, бәлкім, тәбетіңізді де аша түсер.

The Illustrators Cookbook

Бұл кітапта 36 талантты иллюстратордың жұмыстары мен дәмді рецептілері жиналған. Олар жеке әңгімелермен және қызықты оқиғалармен бірге беріледі. Кітап төрт бөлімнен тұрады: Breakfast, Lunch, Dinner және Dessert. Оның беттері қайта өңделген қағаздан жасалған, ал өзі ризографта жеті түспен басылған. Қосымша бонус ретінде сүйкімді жапсырмалар мен сатып алу тізімі қоса жүреді.

Tatler Asia

Rebel Roots

Барселоналық Элисон Голчер мен Лукас Дель Техо әзірлеген бұл жоба бастапқыда оқу жобасы болып басталып, толыққанды маусымдық зинге айналды. Rebel Roots экологиялық таза өмір салтына көшуге шабыт беруді мақсат етеді. Қазіргі уақытта оның қызанақ, асқабақ, саңырауқұлақ және гүлді қырыққабатқа арналған төрт түрлі саны жарық көрді. Зиндерде қызықты оқиғалар, сұхбаттар, инсайт ақпараттар және қарапайым әрі дәмді рецептілер бар.

Tatler Asia

DOOM'S BISTRO

Бұл — ағылшын иллюстрация шебері Бен Гордың MF DOOM музыкасынан туындаған аспаздық кітабы. Автор рэпердің үлкен жанкүйері ретінде бұл еңбегін Дэниел Думильеге құрмет көрсету мақсатында жасаған. Кітапта музыкант орындаған рэптердегі 60 тағам мен сусын рецепті жинақталған.

Tatler Asia

Жан Вэйдің графикалық романы

Peow2 баспасынан шыққан бұл роман аспаннан құлаған отты жын туралы. Ол адамдар арасында жайлы фермада пана табады. Сол жерде ол әлемді танып, жұмыс істейді, әйнек үрлейді және адамдардың тағамдары мен сусындарын байқап көреді.

Tatler Asia
IMAGE peow.studio

FOOD WEAPON

Лос-Анджелестік иллюстратор (p)anda жасаған бұл жинақ тағамнан жасалған қарулардың концепт-арттарына арналған. Мысалы, дурианнан жасалған балға, багет пушкасы, онигири-қақпан, спагетти пулемёті сияқты ерекше өнертабыс түрлері бар.

Tatler Asia

Камогаваның шағын мейрамханасы. Ұмыт болған рецептілер

Бұл — жапон жазушысы Хисаси Касиваяның «Камогаваның шағын мейрамханасы» циклындағы үшінші кітабы. Бұл жерде бұрынғы полицейдің мейрамханасына келген адамдардың оқиғалары баяндалған. Олар әкелерінің бэнтосынан бастап, ерекше тэмпура сияқты ұмытылған дәмдерді іздейді.

Tatler Asia

Bottom's Up!

Барбара Бенастың бұл кітабы — аспаздық блог пен комикстің үйлесімі. Мұнда кондитер Сюзеттің тирамису дайындау үшін мінсіз ингредиенттер іздеген оқиғасы бейнеленген. Бұл тағам оған жаңа жұмысқа орналасуға көмектесуі тиіс.

Tatler Asia

This East Van Kitchen

Ванкуверлік мұғалім Ким Мелдер мен суретші Кеннеди Телфорд төрт жыл бойы жасаған аспаздық кітабы осылай аталады. Мұнда үйде дайындалатын тағамдардың рецептілері, оларды дайындау барысынан хабар беретін суреттер және ас үйдегі жұмыс орнын ұйымдастыру туралы кеңестер берілген. Кітаптың цифрлық нұсқасы COVID-19 пандемиясында көпшілікке қолжетімді болды.

Tatler Asia

Let's Make Dumplings!: A Comic Book Cookbook

Аспаз Хью Амано мен суретші Сара Беканның бұл кітабы комикс форматында ұсынылған. Мұнда тұздық рецептілері, тұшпара түрлері (вонтон, момо, потстикер, бууз, т. б.) және оларды жасау әдістері туралы ақпарат бар.

Tatler Asia

Dalí. Les dîners de Gala

Сальвадор Далидің бала кезінде аспаз болғысы келіп, кейін сюрреализмнің ең ұлы өкіліне айналғаны белгілі. Dalí. Les dîners de Gala кітабында Париж мейрамханаларының 136 рецепті және Далидің ғажайып иллюстрациялары бар. Алғаш рет 1973 жылы француз тілінде шыққан.

Tatler Asia

Темы