Саясаткерлердің сұңғыла мінезінен музыка тарихына дейін: 2024 жылы оқуға тұрарлық кітаптар

2024 жылы авторлар шығармаларының формасы мен мазмұны тұрғысынан тың дүниелерді шарпыды. Жалпы үрдіс айқын: оқырман тек көңіл көтеруді емес, өзін және айналасындағы әлемді жақсырақ түсіну үшін терең мағына іздеуге көшкен. 

Авторлық зерттеулер, сирек архивтер, шығармашылық пен жеке жаңалықтар жайлы әңгімелер – 2024 жылдың дастарқанында не ішем, не жеймін демейсіз. Харизма феноменін түсінгіңіз келе ме? Музыкалық лейблдердің тарихына үңілгіңіз келе ме? Әлде Пулитцер сыйлығы иегерінің өмірлік қағидаларын білгіңіз келе ме? 

Біз сіз үшін жылдың ең үздік жаңалықтарын жинадық – сіз де оларды оқысам деген кітаптар тізіміне қосып алыңыз. Топтама шығармашылық процестердің ерекшеліктері, көшбасшылық, сондай-ақ өнердің шабыттандыру қасиеті туралы кітаптардан тұрады.

Charm

Автор: Джулия Сонневенд

Саясатты түсіну сәнге айналды. Бұл ішінара мәдениеттің саясилануынан туындаса, екіншіден, жұрт саясаттан қызықты ойын көре бастады. Социолог Джулия Сонневенд саясат сахнасын шеберлік алаңы деп санайды. Мұнда саясаткерлер халықтың жүрегін тиімді экономикалық бағдарламалармен де, шешендік шеберлігімен де емес, харизмасымен жаулап алады. Харизма – саясаткердің халыққа жақындығы, шынайылығы, қарапайымдылығы. Тіпті бұл қасиеттер жасанды болса да, өтімді болып отыр. Автор түрлі саясаткерлерді, Ким Чен Ыннан Ангела Меркельге дейінгі мысалдарды зерттеп, осы феноменнің табиғатын ашуға тырысады.

 

Tatler Asia

Chasing Hope: A Reporter's Life

Автор: Николас Кристоф

Әрбір журналисттің арманы – Пулитцер сыйлығы. Николас Кристоф бұл сыйлықты екі рет алған. Оның басқа жетістіктерінің көп болғаны сонша, оларды атап өтудің біраз уақытты талап етеді. The New York Times-тың тұрақты колумнисі ретінде Николас ыстық нүктелерде жұмыс істемесе де, өзінің саяси және этикалық идеалдарын қорғауды жалғастырып келеді. "Chasing Hope: A Reporter’s Life" кітабында ол журналистік мансабындағы маңызды сәттермен бөліседі: Конго джунглиінде ұшақ апатынан аман қалуы, Камбоджада құлдықтан қызды босатуға ұмтылуы, Индонезияда адам басын найзаға қадап жүрген байкерлермен кездесуі. Барлық қиындықтарға қарамастан, Кристоф бізге «мәңгілік оптимизм» философиясын баян етеді.

Tatler Asia

91-23

Авторлар: Александр Медведев және Әділ Айжарық

Қазақстанда мәдениетке арналған талдамалық материалдар жоқтың қасы. Талантты өнерпаздар көп-ақ, бірақ олар туралы жазатындар аз. "91-23" жобасы осындай олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Бұл кітап 1991-2023 жылдар арасын қамтып, Роза Рымбаевадан Ayau тобына дейінгі қазақ музыкасының тарихын баяндайды. Орасан зор еңбек екені сөзсіз. Кітап оны кезең-кезеңге бөліп талдаған сарапшылардың қажырлы еңбегі арқасында жарық көрді. Бұны кітап қана емес, нағыз мәдени зерттеу жұмысы ретінде бағалау керек.

Tatler Asia

The Island Book of Records Volume II

Редактор: Нил Стори

Island Records – 1959 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аңызға айналған музыкалық лейбл. Бұл жерде Боб Дилан, Элтон Джон, Боб Марли, Bon Jovi сынды әлемдік жұлдыздар жазылған. "The Island Book of Records" – лейблдің тарихын баяндайтын коллекциялық басылым. Екінші том 1969 және 1970 жылдарға арналған. Мұнда дискографиялар, әдемі иллюстрациялар мен сипаттамалар және заманауи музыканттардың сұхбаттары бар.

 

Tatler Asia

The Gourmand’s Egg. A Collection of Stories and Recipes

Автор: Дженнифер Хигги

Дженнифер Хигги былай: «Жұмыртқа – қарапайым зат болып көрінгенмен, оны тұрақты символ мен тұрақсыздықтың, тамақ пен метафораның, индустрия мен шабыт көзінің, ғасырлар бойғы жаңару мен берекені нышаны деп те қарастыруға болады» деп жазады. Бұл кітапты өнертанушының көзқарасымен жазылған жұмыртқа туралы қызықты баяндау десек те болады. Taschen баспасының The Gourmand сериясындағы алғашқы еңбегі.

 

Tatler Asia

Dreaming in Color

Автор: Патрик Кротти

Kickstarter платформасынан бастау алған әрі сәтті жүзеге асқан сирек жобалардың бірі. Бұл Peow2 баспасынан шыққан ерекше кітап. "Dreaming in Color" Натали Эндрюсон есімді суретшінің фантастикалық иллюстрацияларына арналған. Ол ризограф атты трафареттік баспа техникасын қолданады, бұл әдіс оның жұмыстарын ерекше әрі көз тартарлық еткені. Кітапта осы техниканың әдістері мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі сипатталған. Нағыз көркем туынды!

 

Tatler Asia
IMAGE peow.studio

Incomplete Encyclopedia of Touch

Авторлар: Эрик Кесселс, Томас Совен, Карель Де Мюлдер

Бұл фотокітап үшін авторлар 15 мыңнан астам отбасы альбомдарын қарастырған. Олар адамның барлық заттарға қол тигізуге деген табиғи ұмтылысын көрсеткісі келген. Автомобильдер, жануарлар, шторлар, тіпті кактустар мен зират тастарына дейін – бәрі де суретке түскен. Кітапта: «Қолмен ұстай алатынның бәрі ұсталуға тиісті» деген сипаттама да бар.

 

Tatler Asia

Magnum America: The United States

Редакторлар: Питер ван Агтмаль, Лора Уэкслер

Magnum Photos – әлемнің ең ірі фотоагенттіктерінің бірі. Бұл ұйым фотографтарға өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. "Magnum America: The United States" кітабы 1940 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Американың тарихын баяндайды. Бірақ бұл фотосуреттер жинағы емес. Авторлар бұл кітапты «Америка дегеніміз не?» деген сұраққа архивтегі әңгімелер арқылы жауап іздеу әрекеті деп бағалаған.

 

Tatler Asia

The Art and Soul of Dune: Part Two

Авторлар: Штефани Броос, Таня Лапуэнт

Бұл кітапты жай ғана басылым деп атау дұрыс болмас. Бұл – коллекциялық өнер туындысы. 2024 жылы экранға шыққан "Дюна" фильмінің екінші бөлімі кино әлеміндегі басты оқиға болды. Кітап Дени Вильневтің шедеврін жасау процесі туралы баяндайды. Мұнда түсірілім алаңынан фотосуреттер, концептуалды өнер, актерлер және түсіру тобының эксклюзивті сұхбаттары бар. Ең бастысы, бұл кітап сөреңіздің сәніне айналады.

 

Tatler Asia

Arab World Cinemas

Автор: Марль Хаммонд

Араб әлемінің қазіргі мәдениеті жұмбаққа толы. Оны зерттеу “консервативті қабырғалар” әсерінен әжептәуір қиынға соғады. Марль Хаммонд осы қиындықтарға қарамастан, араб классикалық және қазіргі заманғы әдебиеті мен кинематографиясын зерттеп, 2024 жылы осы тақырыпқа арналған кітап шығарды. Бұл жинақта 1933 жылдан 2021 жылға дейінгі 28 фильм талданған. Әр фильмге аналитикалық мәтіндер мен кинематографиялық әдістер туралы мәліметтер қосылған.

 

Tatler Asia

NO PREDICTED END: Marina Abramovic and Ulay

Автор: Каспер Бех Дыг

Бұл кітап аты аттас деректі фильмді толықтыра баяндайды. Негізінен екі суретшінің алғашқы кездесуінің 50 жылдығына арналған. Бұл олардың соңғы бірлескен жұмысы, өйткені 2020 жылы Улай қатерлі дерттен қайтыс болған. Кітап екі тұлғаның өмірі, махаббаты, жеккөрушілігі және кешірімі туралы диалогтардан құралған. Марина Абрамович пен Улай үшін өнер өмірдің ажырамас бөлігі болды. Кітапта бұрын жарияланбаған жеке сезім сырлары мен айтылмаған хикаялары ашылады. Бұл оқырмандарды перформанс әлеміне тереңірек үңілуге шақырады.

 

Tatler Asia
booklab.dk
booklab.dk

Атом улаған дала

Автор: Тоғжан Қасенова

Саясаттану докторы Тоғжан Қасенованың Семей полигонының тарихына арналған кітабы маңызды әрі күрделі тақырыпты қозғайды. Автор ядролық қарудың Қазақстандағы сынақтары қалай басталғанын және оның халықтың өміріне қалай әсер еткенін қарапайым әрі түсінікті тілмен баяндайды. "Атом улаған дала" – Қазақстан тарихы мен әдебиеті үшін маңызды шығарма. 2023 жылы бұл монография ағылшын тілінде жарық көріп, Шульман атындағы халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат саласындағы беделді марапатқа ие болды.

Tatler Asia
meloman.kz
meloman.kz

Intermezzo

Автор: Салли Руни

Салли Руни өз туындыларымен, әсіресе «Достармен әңгіме» және «Қарапайым адамдар» романдарымен танымал. Оның шығармаларының басты ерекшелігі – адамдардың ішкі әлемін түсінуге деген ұмтылыс. Жаңа «Intermezzo» романында Салли тек романтикалық қарым-қатынастарды ғана емес, әкесінің қайтыс болуы, ата-анасының ажырасуы және басқа да ауыртпалықтар туралы баяндайды. Мұндай ауыртпалықтан құтылуға бола ма? Бір күні бәрі жақсара ма? Осы сұрақтарға жауап іздеуді автор роман кейіпкерлерімен бірге жалғастырады.

Tatler Asia
livelib.ru
livelib.ru

Социопат

Автор: Патрик Гагне

Америкалық клиникалық психология докторы Патрик Гагне диссоциалды тұлғалық бұзылыспен өмір сүреді. Оның жеке тәжірибесі мен ғылыми зерттеулері «Социопат: Естеліктер» (Sociopath: A Memoir) автобиографиялық кітабының жазылуына арқау болады. Бұл туындыны The Guardian 2024 жылдың көптен күткен кітабының бірі деп бағалаған.

Кітапта Гагне диссоциалды бұзылыспен өмір сүру тәжірибесімен бөліседі. Ол балабақшада ұрлыққа әуестенгенін, бастауыш сыныпта агрессия көрсеткенін және жасөспірім кезінде экстремалды сезім үшін бөтен үйлерге кіргенін баяндайды. «Социопат: Естеліктер» оқырмандарға диссоциалды тұлғалық бұзылыстың қыр-сырын түсіндіре отырып, бұл диагнозға қатысты стигмаларды жоюға тырысады.

 

Tatler Asia
amazon.co.uk
amazon.co.uk

Темы