«The Conclave» пен «The Brutalist» BAFTA 2025-тің басты жүлдегерлері атанды
Лондонда 78-ші BAFTA сыйлығының марапаттау рәсімі дүркіреп өтті. Британ кино және телевизия өнері академиясының іс-шарасы The Royal Festival Hall залында ұйымдастырылды. BAFTA 2025 сыйлығының жеңімпаздары «The Conclave» (Эдвард Бергер) және «The Brutalist» (Брэди Корбет) болды. Әрқайсысы төрт жүлдеден иеленді. Үздік фильм ретінде бірінші фильм таңдалса, екіншісіне үздік режиссерлік жұмыс сыйлығы табысталды. Ер адам рөлі үшін Эдриен Броуди, ал әйел адам рөлі үшін Майки Мэдисон үздік деп танылды. Төменде негізгі санаттар бойынша жеңімпаздар тізімі ұсынылған, ал BAFTA 2025 лауреаттарының толық тізімін осы сілтеме бойынша көруге болады.
BAFTA 2025 жеңімпаздары:
Үздік фильм
«The Conclave»
Үздік британдық фильм
«The Conclave»
Үздік шет тіліндегі фильм
«Emilia Perez»
Үздік режиссер
Брэди Корбет («The Brutalist»)
Үздік ер адам рөлі
Адриен Броуди («The Brutalist»)
Үздік әйел адам рөлі
Майки Мэдисон («Anora»)
Екінші пландағы үздік ер адам рөлі
Киран Калкин («Real Pain»)
Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі
Зои Салдана («Emilia Perez»)
Үздік түпнұсқалық сценарий
«Real Painу» (Джесси Эйзенберг)
Үздік бейімделген сценарий
«Конклав» (Питер Строген)
Үздік анимациялық фильм
«Wallace & Gromit: The Wildest Revenge»