IMAGE Сабрина Ұста | Getty Images

Кендрик Ламарға бұйырған бес мүсінше мен Канье Уэсттің «тосынсыйы»: «Грэмми-2025» несімен есте қалды?

67-ші «Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі аяқталды. Салтанатты іс-шара Лос-Анджелестегі Crypto.com аренасында өтті. «Грэмми-2025» дәстүрлі қызыл кілеммен басталып, онда жұлдыздар өз образдарын паш етті. Алайда бұл жолы шақырылмаған қонақтар – Йе (Канье Уэст) мен Бьянка Цензори көпшіліктің назарын өздеріне аудармақ болып барын салды. Австралиялық модель ашық һәм мөлдір киімімен көрермендерді «таң қалдырды». Кейінірек оларды делегациясымен бірге шарадан шығарып жіберді.

Сахнада Билли Айлиш, Сабрина Карпентер, Чаппелл Рон, Khruangbin, Бенсон Бун, Doechii, Тедди Свимс, Shaboozey, RAYE, Леди Гага, Бруно Марс, The Weeknd, Уилл Смит, Шакира, Charli XCX және басқа да әртістер өнер көрсетті. Леди Гага, Бруно Марс сияқты сахнада ән салған музыканттар өз өнерін орман өртінен қатты зардап шеккен Лос-Анджелеске арнады. Бұл кеште «Грэмми-2025» сыйлығы бойынша ең көп марапатқа ие болған Кендрик Ламар болды. Ол «Үздік рэп орындау», «Үздік рэп әні», «Үздік музыкалық бейне», «Үздік жазба» және «Үздік ән» сынды бес номинацияда жеңіске жетті. «Үздік альбом» аталымында Beyoncé-нің Cowboy Carter альбомы жеңіске жетсе, «Үздік жаңа орындаушы» атағы Чаппелл Ронға бұйырды. «Үздік альбом дизайны» номинациясында Charli XCX Brat альбомымен үздік деп танылды.

«Грэмми-2025» жеңімпаздарының толық тізімімен осы сілтеме арқылы танысуға болады, ал төменде ең басты номинацияларды назарларыңызға ұсынамыз. Сондай-ақ Tatler Kazakhstan нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік музыкалық релиздерін де біле отырыңыз.

«Грэмми-2025» жеңімпаздары:

«Үздік жазба»

– Not Like Us (Кендрик Ламар)

«Үздік альбом»

– Cowboy Carter (Бейонсе)

«Үздік ән»

– Not Like Us (Кендрик Ламар)

«Үздік жаңа орындаушы»

– Чаппелл Рон

«Үздік продюсер»

– Дэн Нигро

«Үздік ән авторы»

– Эми Аллен

«Үздік поп-орындау» (соло)

– Espresso (Сабрина Карпентер)

«Үздік поп-дуэт»

– Die with a Smile (Леди Гага & Бруно Марс)

«Үздік вокалды поп-альбом»

– Short n’ Sweet (Сабрина Карпентер)

«Үздік би/электронды жазба»

– Neverender (Justice & Tame Impala)

«Үздік би-поп жазба»

– Von Dutch (Charli XCX)

«Үздік би/электронды альбом»

– Brat (Charli XCX)

«Үздік ремикс»

– Espresso (Mark Ronson x FnZ Working Late remix) (FnZ & Марк Ронсон)

«Үздік рок-орындау»

– Now and Then (The Beatles)

«Үздік рок-ән»

– Broken Man (St. Vincent)

«Үздік рок-альбом»

– Hackney Diamonds (The Rolling Stones)

«Үздік альтернативті альбом»

– All Born Screaming (St. Vincent)

«Үздік альтернативті орындау»

– Flea (St. Vincent)

«Үздік R&B ән»

– Saturn (SZA)

«Үздік R&B альбом»

– 11:11 (Deluxe) (Крис Браун)

«Үздік прогрессивті R&B альбом»

– So Glad to Know You (AverySunshine) және Why Lawd? (Knxwledge)

«Үздік рэп орындау»

– Not Like Us (Кендрик Ламар)

«Үздік мелодиялық рэп орындау»

– 3:AM (Rhapsody & Эрика Баду)

«Үздік рэп ән»

– Not Like Us (Кендрик Ламар)

«Үздік рэп альбом»

– Alligator Bites Never Heal (Doechii)

«Үздік кантри-ән»

– The Architect (Кейси Масгрейвс)

«Үздік кантри-альбом»

– Cowboy Carter (Бейонсе)

«Үздік саундтрек (визуалды медиа үшін)»

– «Дюна: Екінші бөлім» (Ханс Циммер)

«Үздік саундтрек (бейнеойындар мен интерактивті медиа үшін)»

– Wizardry: Proving Grounds of the Mad Overlord (Уинифред Филлипс)

«Үздік музыкалық бейнеклип»

– Not Like Us (Кендрик Ламар)

«Үздік музыкалық фильм»

– American Symphony (Мэттью Хейнеман)

«Үздік альбом дизайны»

– Brat (Charli XCX)