IMAGE Фотограф: Tim Walker | Yves Saint Laurent | eyefilm.nl

Актрисаның шығармашылығына арналған көрме туралы тың ақпаратты мақаламыздан оқи отырыңыз!

Тильда Суинтонның өнер жолына арналған ретроспективалық көрме Амстердамдағы Eye Filmmuseum бейнелеу өнері музейінде көпшілікке ұсынылмақ. Ол  28 қыркүйекте ашылып, 2026 жылдың 8 ақпанына дейін жалғасады. музей ұжымы «актер – режиссердің ойы мен идеясына толтырылатын бейтарап құты ғана» деген пікірге кереғар уәж ұсынуды жөн көрді. 

Тильда Суинтонның актерлік мансабын аяқтайтыны туралы мәлімдемесінен кейін көрменің маңызы одан сайын арта түсті. Экспозицияда актрисамен әр жылдары жұмыс істеген суретшілердің, фотографтардың және режиссерлердің бұрын-соңды жарияланбаған мұрағаттық жұмыстары қойылады. Көрменің курациясын Тильда Суинтонның өзі жүзеге асырады.