IMAGE Тимур Епов

Арал теңізін қалпына келтіру қорына қанша қаражат жиналғаны туралы мақаламыздан оқи отырыңыз.

Жылдың алғашқы іс-шарасын Tatler редакциясы барша халықты (әсіресе Алматыдағы игі жақсыларды) алаңдататын тақырыпқа арнады. Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы «Freedom Шапағат» қоры мен оның Арал теңізін қалпына келтіруге бағытталған ауқымды бағдарламасын қолдауға арналды. Осылайша жылды сауапты іспен бастауды жөн көрдік.

Кеш бойы жұрттың назары «Менен кейін» атты арт-жобада болды. Жас қазақстандық суретшілер – Мөлдір Қарубайқызы, Savage Qyz, Аружан Жұмабек және Мика Барни көшпелі мәдениеттің басты атрибуттарының бірі сандықты жаңаша көзқараспен бейнелеп, оны заманауи өнер туындыларына айналдырды. Осы бірегей жұмыстар аукционда да саудаға түсті.

Кеште көздің жауын алатын декорация, ұлттық элементтері бар black tie дресс-коды және алғашқы лот үшін болған шынайы тартыс көптің есінде қалса керек. Қонақтар киіп келген киіміне ерекше көңіл бөліп, бірі ұлттық әшекейлер мен орамал тақса, енді бірі классикалық қара көйлекке «ұлттық элемент» ретінде қазақ күйеуін ертіп келіпті. Мәселе киімде емес, ниетте дестік.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 49 Данара Усманова, Зәуре Розмат, Айнұр Көпбасарова
Фото 2 из 49 Марина Яковлева
Фото 3 из 49 Данара Усманова және Андрей Копытин
Фото 4 из 49 Алена Шенесары және Индира Шагирова
Фото 5 из 49 Ұлбану Әбдірахманова, Жанара Сырғабаева
Фото 6 из 49 Ксения Шенцова, Лариса Пай
Фото 7 из 49 Татьяна Шумилина
Фото 8 из 49 Айнұр Көпбасарова мен Зәуре Розмат
Фото 9 из 49 Аида Әшімова
Фото 10 из 49 Ілияс Әукебаев
Фото 11 из 49
Фото 12 из 49 Ғазиза Шабдарбаева
Фото 13 из 49 Алексей Чжэн және Лилия Рах
Фото 14 из 49 Артем Лебедев
Фото 15 из 49 Гүлжан Елемесова және Лина Лю
Фото 16 из 49 Айнұр Тұрғанбаева, Гүлнар Құнанбаева, Айгүл Ибраимова, Индира Шагирова
Фото 17 из 49 Юлия Молдабергенова
Фото 18 из 49 Ботагөз Қуанышева, Аянат Аман
Фото 19 из 49
Фото 20 из 49 Тимур Төлеу
Фото 21 из 49 Наргиз Әбдірахманова мен Әйгерім Жақып
Фото 22 из 49 Камилла Сейсебаева
Фото 23 из 49 Заррина Сламқұлова
Фото 24 из 49 Данияр Алшынов
Фото 25 из 49 Жібек Дамирова
Фото 26 из 49 Валентина Дурумбетова
Фото 27 из 49 Динара Умарова, Дәурен Тапалов, Әйгерім Байкенова
Фото 28 из 49
Фото 29 из 49 Алексей Жен және Мария Подгорбунская
Фото 30 из 49
Фото 31 из 49 Әсем Беделова, Юлия Төлеу, Анара Кукиева, Ксения Шенцова, Мария Подгорбунская
Фото 32 из 49 Мария Подгорбунская, Ғазиза Шабдарбаева, Валентина Дурумбетова
Фото 33 из 49
Фото 34 из 49 Бақтияр Беркін өнерпаздар Аружан Жұмабек пен Саваж қызбен
Фото 35 из 49
Фото 36 из 49 Әлихан Мұсатаев
Фото 37 из 49
Фото 38 из 49 Шаттық Жұмағалиева, Майгүл Ахтанова, Сәния Жақыпова
Фото 39 из 49 Зарина Низамутдинова
Фото 40 из 49 Алексей Распопов
Фото 41 из 49 Елизавета Балакаева
Фото 42 из 49 Азиза Айбадуллина, Катерина Кнауб
Фото 43 из 49 Аида Іңкәрбаева, Валентина Дурумбетова
Фото 44 из 49 Николай Усков
Фото 45 из 49 Роман Хан, Антуан Димитров
Фото 46 из 49 Ксения Шипилова
Фото 47 из 49 Екатерина Серебряная
Фото 48 из 49 Анара Кукиева
Фото 49 из 49 Софья Тасмағамбетова, Әсел Тасмағамбетова
Марина Яковлева
Татьяна Шумилина
Ілияс Әукебаев
Ғазиза Шабдарбаева
Алексей Чжен и Лилия Рах
Гүлжан Елемесова и Лина Лэй
Жібек Дамирова
Алексей Чжен мен Мария Подгорбунская
Николай Усков
Анара Кулиева

Әдетте қоғам назарынан тыс қалатын филантроп Әсел Тасмағамбетова бұл жолы өзі қатысып, көпшілікті қуантты. Ал Лилия Рах фотоколда жылт етіп көрінді де, кешкі асқа дейін ізім-ғайым жоқ болып, шаруаларына кетіп қалды. Балқаймақ, кім білсін, кестесіне сыймай қалған шығар.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 4 Данара Усманова
Фото 2 из 4 Марина Яковлева
Фото 3 из 4 Анара Кукиева
Фото 4 из 4 Андрей Копытин

Sun Group ұсынған кешкі ас та ерекше есте қалды: Жылқы етінен тартар, шаян қосылған долма мен балқаймақ қосылған балмұздақ – ұлттық реңкі бар жеңіл әрі дәмді мәзір. Alma Wine ұсынған шараптар тағамдармен мінсіз үйлесіп, тіпті қазы мен бургундия бір-бірі үшін жаралғандай әсер қалдырды.

Tatler Asia
IMAGE Данияр Алшынов

Аукционды актер Данияр Алшынов жүргізді. Жиылған жұртты суырып-салмалығымен тәнті етті. Сандықтар тоқтаусыз сатылып жатты. Суретші Мөлдір Қарубайқызының туындысы үшін Ксения Шипилова мен Николай Усковтың телефонынан шыққан жұмбақ дауыстар қырықпышақ болып таласып, соңында сол құпия дауыстың біреуі жеңіске жетті. Кеш соңына дейін 22,5 миллион теңге ақша жиналды, бұл сома толықтай «Freedom Шапағат» қорына аударылады.

Ақша игі істерге жұмсалып, кеш қызықты өтіп, келген қонақтар мейлінше ләззат алса, шапанды да қалауыңызша іле келсеңіз, осының өзі бір ғанибет емес пе?!.

📸 Фотоларды Тимур Эпов пен Влад Семеновтың сілтемелері арқылы көруге болады.

Авторы

Фотография: Тимур Эпов
Фотография: Влад Семенов

Темы