Бейнелеу өнері әлеміндегі жаһандық үрдістер мен инновациялар. 2024 жыл несімен есте қалды?
Бейнелеу өнері жасқа, жынысқа, ұлтқа, тұрмыстық жағдайға не физикалық және психологиялық ерекшеліктерге қарамастан баршаға қолжетімді. Арт-индустрияның даму прогрессі көзге анық көрінеді. Жаһандану мен жаңа технологиялар оның белсенді дамуына ықпал етіп, ақпарат кеңістігінде жаңа есімдердің пайда болуына себепкер болуда. Көрмелер, фестивальдер және өзге де іс-шаралар саны да жыл сайын артып келеді.
2024 жыл арт-сала үшін жаңашылдыққа толы әрі жемісті жыл болды. Іс-шаралардың географиясы кеңейіп, шығармашылық процестерге жасанды интеллект енгізілді, сондай-ақ әр түрлі дәуір стильдері үйлестірілді. Жас таланттарды қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Көптеген туындылардың негізгі тақырыптары «орнықты даму» мен «экологияны» қамтыды. 2024 жыл несімен есте қалғанын жәні ол шаралардың ерекшеліктері туралы әңгімелейміз.
Art Basel
Art Basel — 70 жылдары Базельде негізі қаланған, ең ірі бейнелеу өнері жәрмеңкелерінің бірі. Бүгінде бұл Париж, Гонконг, Базель және Майами-Бич қалаларында өтетін, халықаралық шара. Биыл жәрмеңкеге 40 елден келген 287 жетекші галерея қатысты, оның 22-сі алғаш рет қатысқандар қатарында болды.
Осы жылы іс-шара диджитал мен жасанды интеллектке баса назар аударды. Келушілер NFT өнімдерін сатып алып, жасанды интеллект көмегімен жасалған картиналарды тамашалай алды. Жәрмеңке барысында «post-NFT» дәуірі мен цифрлық және физикалық туындылардың өзара байланысы талқыланды. Шағын Unlimited Artworks кеңістігінде Яеи Кусама мен Роберт Франк сынды суретшілердің ірі инсталляциялары ұсынылды. Бұл секция көлемі жағынан үлкен өнер туындыларын жасау үшін ауқымды кеңістік қажет емес екенін көрсетті. Көптеген жұмыстар орнықты даму мәселелеріне қамтыды. Лоис Ванбергердің Portable Garden және Агнес Денестің Honouring Wheatfield – A Confrontation (2024) туындылары осы бағыттағы ең жарқын мысалдардың бірі болды. Сонымен қатар жәрмеңкеде Пикассо, Матисс, Рихтер және басқа да шеберлердің классикалық туындылары ұсынылды.