IMAGE Venus Over Manhattan Gallery

Атышулы өнер жәрмеңкесін кім сатып алар екен?

Frieze – өнер әлеміндегі ең беделді және сәнді жәрмеңкелердің бірі. 2003 жылы Лондоннан шыққан танымал өнер журналы және бірнеше беделді өнер жәрмеңкесін қамтитын бренд. Endeavor бұл активті 2016 жылы сатып алған. Сол уақыттан бері Frieze Лос-Анджелес пен Сеулде жаңа жәрмеңкелерін ашып, Чикаго мен Нью-Йорктегі EXPO Chicago және The Armory Show сияқты бәсекелес жәрмеңкелерді өзіне қосып алды. Осы жәрмеңкеде заманауи өнердің үздік үлгілері ұсынылып қана қоймай, әлемдік сән, кино және мәдениет саласындағы танымал тұлғалардың бас қосатын орнына айналады.

Халықаралық спорт және ойын-сауық индустриясындағы ірі ойыншылардың бірі Endeavor Group Holdings өзінің бірнеше маңызды активтерін, соның ішінде Frieze өнер жәрмеңкесін сатуды қарастырып жатқанын мәлімдеді. Компанияның хабарлауынша, сатылым қарастырылатын активтерге Miami Open және Madrid Open атты теннис турнирлері де кіреді. 

Endeavor-дың президенті және бас операциялық директоры Марк Шапиро:
«Frieze өнер жәрмеңкесінің активтерін дамытуда үлкен жетістіктерге жеттік. Бұл жәрмеңкелер көрермендер мен демеушілердің рекордтық көрсеткіштерін жаңартты. Бұл жобалардың болашағына деген сенім мол және осы активтердің табысқа кенеле беретініне еш шүбә жоқ», – деді. Endeavor басшылығы Frieze-дің сатылымға қойылғанымен, 2025 жылы жәрмеңкелер жоспарға сай өтетінін айтты.

2025 жылы Frieze әлемнің төрт ірі қаласында өтеді:

Frieze Los Angeles: 20-25 ақпан.

Frieze New York: 7-11 мамыр.

Frieze London: 15-19 қазан.