IMAGE Roche Bobois

Педро Альмодовар мен Roche Bobois-ның бірлескен жобасы туралы баяндаймыз

Белгілі кинорежиссер Педро Альмодовар әйгілі Roche Bobois (Рош Бобуа) жиһаз салонымен шығармашылық одақ құрып, жаңа жиһаз коллекциясын таныстырды. Roche Bobois компаниясының бұл ынтымақтастығы нәтижесінде кино шеберінің туындыларына тән қанық бояулар мен жарқын түстерден шабыт алған ерекше коллекция дүниеге келіп, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Жаңа жиһаз үлгілері 2025 жылдың 10 сәуірінде Милан қаласында өткен Milano Design Week көрмесінде көпшілікке таныстырылды. Шектеулі сериямен шығарылған топтамада кинорежиссердің жеке қолы қойылған және нөмірленген 50 диван ұсынылып, әрбір диван Альмодовардың танымал фильмдері мен киноафишаларынан алынған көркем суреттермен әсемделді. Әсіресе актриса Тильда Суинтонның соңғы рөлін сомдаған «Көрші бөлме» атты фильмінен шабыт ала отырып жасалған диванға ерекше назар аударуға кеңес береміз. 11 жыл бұрын дизайнер Саша Лакич жасап шығарған Bubble диваны да көрмеде ашық көк, жасыл мүк түсті, күн шуақты сары және жалынды қызыл сынды төрт жаңа реңкте көрсетілді. Бұдан бөлек Альмодовар «Оралу», «Жүйкесі жұқарған әйелдер» және «Биік өкшелер» атты фильмдерінің идеяларын пайдалана отырып, кілемдер мен жастықтардың да дизайнын әзірлеп шықты.

Tatler Asia
IMAGE Roche Bobois
Tatler Asia
Tatler Asia

«Осындай жиһазбен бірге сізді жаңа бір оптимизм сезімі кернейді деп ойлаймын», — деп бөлісті Альмодовар өз ойын. Roche Bobois компаниясының атқарушы директоры Эрик Амурдедье өз тарабынан режиссердің түстерді қолданудағы қайталанбас шеберлігіне ерекше тоқталды. Испаниялық режиссердің жасаған интерьер бұйымдары Roche Bobois дүкендерінің сөрелерінде қыркүйек айынан бастап сатыла бастайды.

Темы