13 қыркүйек күні Іле Алатауының бөктеріндегі Medeu Padel корттарында Tatler Padel Series турнирі өтті. Бұл жабық спорттық іс-шара Tatler Kazakhstan жобасының серіктестері мен достарына арналды.

Бұл күні қонақтар жексенбіні падел ойнап, емен-жарқын араласуға арнады. Олар осы мақсатпен кортта бас қосты. Қатысушылар командаларға бөлініп, жеңіс үшін тартысқа түсті. Матчтар арасында олар бір-біріне қолдау көрсетіп, алған әсерлерімен қуана бөлісті.


Medeu Padel негізін қалаушы әрі Glyph Company СЕО-сы Ольга Комиссардың айтуынша, Қазақстанда паделге деген қызығушылық қарқынды түрде артып келеді. Оның танымалдылығы спорттық бәсекемен қатар басқа да құндылықтарға негізделген. Падел адамдардың басын біріктіріп, айналасына үлкен қауымдастық жинайды.

«Біз бұл орынды достармен кездесетін мекен ретінде елестеттік. Падел өте белсенді әрі әлеуметтік ойын саналады. Мұнда адамдар жұма күні кешке әдеттегі бір бокал сусынның орнына падел ойнауды таңдайды. Олар шай немесе кофе ішіп, уақытын мүлдем жаңаша өткізеді».
Tatler Padel Series турнирінің қалай өткенін және кортқа кімдер шыққанын біздің фоторепортаждан тамашалаңыздар.












