Ыстық күннен кейінгі жастықтың салқын жағы, балбыраған шабдалы, «алтын шаршыдағы» кешкі серуен және таң ата бір-ақ тарқайтын көңілді отырыстар. Әркімнің жаз туралы өз түсінігі бар. Алайда ол көбіне ғұмыры ұзағырақ болса екен деп тілейтін осындай жылы сәттерден құралады. Біз Martini брендімен бірге Tatler Kazakhstan оқырмандарынан жаздың басты сәні не екенін сұрадық. Жиналған жауаптарды оқығаннан кейін тамыз айымен тіпті қоштасқың келмейді.


Оқырмандарымыздың бірі жазды саусақта еріген балмұздақтай сырғып өте шығатын уақытқа теңепті. Сонымен қатар жаз күнге қызған терінің иісін, саябақта кітап оқуды, ашық корттағы теннисті және құмда жалаңаяқ жүруді еске салады. Бұл ашық аяқкиімдер мен қысқа көйлектердің, 3 айға созылатын фестивальдердің, мотоциклмен саяхаттаудың және жаңбыр астындағы романтиканың уақыты. Ал ең дәл берілген жауаптардың бірі уақыт ағымын баяулатып, сәттен ләззат алу болса керек.


Martini бренді дәл осыны еске салғысы келді. Кейде сәл аялдап, ешқайда асықпай, жай ғана сәттен ләззат алудың өзі жеткілікті. Жақындармен бір дастарқан басында жиналып, жаңа дәмдерді татып көру арқылы кез келген қарапайым кешті шағын мерекеге айналдыруға болады.

Алматылық инфлюенсерлер мен бренд достарының басын Swissôtel қонақүйінің көкорай шалғынында қосқан Martini жабық кешкі асы дәл осындай мерекелердің біріне айналды. Кездесуге Martini Prosecco Rosé себепші болды. Ал нәзік қызғылт түсті безендіру, таза ауа мен Алматы тауларының көрінісі кештің әрлеуін тамаша толықтырды.







Гастрономиялық бөлімге Rifugio Del Monte шеф-аспазы Никита Еремеев жауап берді. Ол арнайы осы кеш үшін итальян асханасы мен dolce vita эстетикасынан шабыт алып, өзіндік авторлық мәзір жасап шығарды.

Жақсы музыкасыз тамаша кешті елестету мүмкін бе? Бірінші тағам ұсынылғаннан кейін қонақтар алдында Almaty Symphony оркестрі өнер көрсетті. Ал негізгі тағамнан соң балерина Риза Тағанова хореографиялық перформанс ұсынды.


Әрине, кештің басты қаһарманы Martini Prosecco Rosé болғаны сөзсіз. Шағын кеңес қоса кетейік, оны әрдайым салқындатылған күйде ішіңіз! Cin cin!










