Terms and Conditions

1. Жалпы ережелер 

1.1 Бұл Ақпаратты қолдану ережелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, соның ішінде (бірақ оларға шектелмей) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ «Масс-медиа туралы» Заңына сәйкес әзірленген және сайтта жарияланған ақпаратқа қол жеткізу және оны қолдану шарттарын реттейді (бұдан әрі — Сайт). 

1.2 Ақпаратқа, үшінші тұлғаларға тиесілі болмаған жағдайда, Cайтта жарияланған кез келген деректер, мәтіндік және медиа материалдар, соның ішінде (бірақ оларға шектелмей) мақалалар, суреттер, аудио және бейне мазмұн жатады. 

1.3 Сайт авторлық құқық объектілері мен дараландыру құралдарын, соның ішінде, бірақ оларға шектелмей, мәтіндерді, фотосуреттерді, аудиовизуалды материалдарды, графикалық бейнелерді, тауар белгілерін, логотиптерді және басқа да мазмұн түрлерін қоса алғанда, қорғалатын зияткерлік қызмет нәтижелерін қамтиды. 

1.4 Сайт қолданушылары бұл ережелерді Сайтқа кіру және Сайтта жарияланған ақпаратты қолдану барысында сақтауға міндетті. 

2. Ақпаратқа қол жеткізу шарттары

2.1 Қолданушылар Сайтта жарияланған ақпаратқа тек қана жеке және коммерциялық емес мақсаттарда қол жеткізуге құқылы. 

3. Ақпаратты қолдану шарттары 

3.1 Сайтқа тиесілі екені тікелей не жанама сипатта көрсетілген ақпаратты қайта жаңғырту, аудару, рерайт (қайта өңдеу), тарату және оны қолданудың басқа да тәсілдерін жүзеге асыру тек келесі шарттар орындалған жағдайда ғана рұқсат етіледі: 

3.1.1 ақпарат көзіне сілтеме жасау және, оны интернетте қолданған жағдайда, міндетті түрде ақпарат жарияланған Сайт бетіне апаратын гиперсілтеме беру; 

3.1.2 ақпаратты бастапқы материалдың 30%-нан аспайтын мөлшерде қолдану. 

3.2 Сайтқа апаратын сілтемелер не ақпарат көзін атап өту мынадай сипатта болуы тиіс: 

3.2.1 мәтіндік материалдарда — дәйексөз алынған мәтінінің басында орналасады; 

3.2.2 графикалық материалдарда — суреттің астында орналасады; 

3.2.3. аудио және бейнематериалдарда — ақпарат көзі аудиовизуалды сипатта атап өту қажет. 

3.3 Үшінші тұлғалар әзірлеген және Сайтта жарияланған ақпаратты қолдану сол үшінші тұлғалардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 

3.4 Сайтта жарияланған материалдарды заңсыз түрде қолданған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес материалдарды рұқсатсыз көшіргені және қолданғаны үшін жауапқа тартылады. 

3.5 Сайт әкімшілігі материалдарды қолдану шарттарын кез келген уақытта және себептерін түсіндірместен өзгерту құқығына ие. 

Пайдалану шарттары | Tatler Asia