


Lali
Біз «өзбек асханасы» дегенде бірден палауды елестетіп үйренгенбіз. Lali бұл түсініктің тым тар екенін айқын көрсетеді. Мұнда Өзбекстанды тұтас гастрономиялық карта ретінде қарастырады. Самарқан, Бұқара, Хорезм және басқа да өңірлердің өз тағамдары, өнімдері мен дәстүрлері бар. Бренд-шеф Руслан Италмазов бұл рецепттерді Өзбекстанды аралап жүріп жинаған. Самарқан палауы, нарын, қуырма-лағман, алат және тандыр самсасы, бұқаралық «Наполеон» мен «Уч панжа» кәуаптары, бұқараша піскен көксерке балығы. Бізге таныс болып көрінген асхананың қаншалықты бай әрі алуан түрлі екенін осыдан-ақ байқауға болады. Кеңістік те бұл ауқымға сай: құм түстес реңктер, керамика мен ою-өрнек мол қолданылған, ал өзі — үлкен әрі сәнді. Ашық асүйде палау алып қазанда асылады. Мұнда Шығыс рухы көп, бірақ ол жалаң декорацияға айналып кетпеуі үшін өте заманауи үлгіде жинақталған. Lali-дің басты артықшылығы – мұнда жай ғана дәмді палау жеуге келуге болады. Бірақ қайтарда іргедегі көршіміздің асханасы туралы білетініміз теңіздің тамшысындай ғана екенін түсініп, таңғалып қайтасыз.
Фото



Жалпы ақпарат
Аспаздық бағыттар
Өзбек тағамдары
Бағасы
₸₸₸₸Мекенжайы
27 Al-Farabi Avenue, AlmatyЖұмыс уақыты
12:00 – 24:00
Байланыс нөмірі
+7 (708) 414‒50‒46Электрондық пошта
almatylali@gmail.comӘлеуметтік желілер
