Blend
Blend
Tatler Spotlight

Blend

Заманауи гастрономия

||

Алматы

Blend

Алматыдағы ең сәнді жаңа орындарды іздеп, әдетте қала орталығына баратынбыз. Blend бұл қағиданы бұзып отыр. Бостандық ауданында ашылған бұл дәмхана Сеул немесе Токио көшелерінің бірінде тұрғандай әсер береді. Жинақы кеңістік, металл бөлшектер, кең әрі жарық орта – мәзірді ашпай тұрып-ақ нағыз азиялық вайбты сезінесіз. Бұл географиялық ауқым мәзірден де айқын көрінеді. Жыланбалық пен нори қосылған жапон омлеті, матча мен манго қосылған сүзбе құймақтары, қызанақ пен пармезан ірімшігі араласқан тары ботқасы, авокадо мен ащы тунец, матча–кокос–мисо десерті. Кейбір қоспалар қаншалықты батыл естілсе де, мұнда мақсат жәй эксперимент емес: бәрі – күнде жей беретін, тек дәмі мүлде басқаша түсінікті ас. Тағамнан бөлек, кофеге де ерекше мән беріледі: мұнда оны дайындау ісіне асқан шеберлікпен қарайды. Спешелти-дән, V60, Chemex, аэропресс және batch brew ұсынылады. Матча мен қолдан пісірілген тоқаштар – өз алдына бөлек әңгіме. Blend алматылық кофехана мәдениетінің қалай өзгергенін тамаша көрсетеді. Қазір жай ғана жақсы кофенің өзі жеткіліксіз. Мұнда дәмді ас пен өзіндік визуалды стильдің арқасында бір шыны капучино ішетін уақыттан әлдеқайда ұзаққа қаласыз. Осының бәрін сезіну үшін енді міндетті түрде қала орталығына барудың қажеті жоқ.

Фото


Blend
Blend
Blend

Жалпы ақпарат


Аспаздық бағыттар

Заманауи гастрономия

Бағасы

Жұмыс уақыты

Mon–Thu 08:00 – 24:00 Fri–Sat 08:00 – 01:00 Sunday 08:00 – 24:00

Байланыс нөмірі

+7 (775) 000‒07‒38

Әлеуметтік желілер