


Yurta Boutique Hotel
Көшпенділер мәдениеті заманауи дизайн тіліне айналған жиырма қонақ бөлмесі. YURTA Boutique Hotel Алматы шахарының тарихи орталығында орын тепкен. Бұл қонақ үйдің дизайны көшпенділер мұрасын заманауи тұрғыда қайта жаңғыртады. Мұнда барлығы 20 нөмір бар және әрқайсысы бірегей дизайнда жасалған. Интерьерде саз, ағаш, жүн мен киіз, қамыс төбелер, ойылған бөлшектер мен петроглифтер тамаша үйлесім тапқан. Ал жиһаздың бәрін жергілікті шеберлер арнайы тапсырыспен жасап берген. Кеңістікті көркемдеуге қазақстандық суретшілер Азат Табиев пен Әнел Ошан атсалысты. Интерьердің рухы нөмірлердің сыртында да жалғасады. Мейрамханада көшпенді халықтардың тағамдары терең зерттеліп ұсынылса, QYMYZ BAR-да жергілікті фермалардан әкелінген қымыз, шұбат және саумалдың жиырмадан астам түрі табуға болады. Олардың дәмін ажыратуға арнайы шақырылған қымыз сомельесі көмектеседі.
Фото



Жалпы ақпарат
Санаттар
Boutique Hotels
Бағасы
₸₸₸₸Мекенжайы
106G Dostyk Avenue, AlmatyЖұмыс уақыты
Open 24 hours
Брондау
Орын брондауБайланыс нөмірі
+7 (700) 727‒20‒00Әлеуметтік желілер
