


The Veil
Сәулет өнерін ту тіккен бутик-отель. The Veil Есілдің қос жағалауының ортасында, ескі және жаңа Астананың түйіскен жерінде орналасқан. Ол үйреншікті қалалық қонақүйден гөрі нағыз арт-объектіге көбірек ұқсайды. Марко Казамонти бастаған италияндық Archea Associati бюросы ғимарат сәулетіне бірнеше жергілікті бейнені де сыйдырған. Оның дөңгелек пішіні киіз үйді еске түсіреді. Ал толқынды қасбеті іргедегі өзен суының ағысын қайталап тұрғандай әсер береді. Ғимарат ішіндегі биік аркалар мен мүсіндік баспалдақтар бұл динамиканы одан әрі жалғастырады. Баспалдақтың әрбір бұрылысы бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Жалпы, қонақүй өте ықшам. Үш қабатта бар-жоғы 47 нөмір орналасқан. Олардың қатарында аумағы 92 м² болатын жалғыз The Veil Suite бөлмесі бар. Бір кешеннің ішінде spa, шарап бутигі және бірнеше мейрамхана қатар жұмыс істейді. Сондықтан The Veil жай ғана түнейтін орын емес, қаладағы толыққанды демалыс орталығы.
Фото



Марапаттар
2026
Best Boutique Hotel
Жалпы ақпарат
Санаттар
Boutique Hotels
Бағасы
₸₸₸₸Мекенжайы
4 Kadyrgali Zhalayiri Street, AstanaЖұмыс уақыты
Open 24 hours
Брондау
Орын брондауБайланыс нөмірі
+7 (7172) 79‒77‒67Әлеуметтік желілер
