


Renée Café
Renée жобасын жасаушылар алдымен әдемі ыдыстарды, этажеркалар мен уылдырық қосылған құймақтарды ойлап тауып, содан кейін ғана оның айналасына мейрамхана тұрғызғандай әсер қалдырады. Бұл жерде ұсақ детальдарға үлкен мән беріледі. Әрбір тарелка мен шыныаяқ өте мұқият іріктеліп, нәтижесінде аса ресми емес, бірақ өте әдемі әрі жайлы орта қалыптасқан. Мұндағы дастарқан өзінен-өзі сән-салтанатқа бөленіп шыға келеді. Асүй де дәл осы принциппен жұмыс істейді. Мәзірдің негізін жеңіл жерортатеңіздік реңкі бар еуропалық классика құрайды: вителло тоннато, пияз сорпасы, качо-э-пепе және теңіз өнімдері. Кейде осының арасында жая қосылған оливье немесе картоп гратенімен берілетін жылқы етінен жасалған шұжықтар сияқты жергілікті дәмдер де кездесіп қалады. Ал мұндағы жаңа піскен нан-тоқаштардың орны тіпті бөлек. Renée ұжымы ең қарапайым қуаныштардың өзіне мерекелік көңіл күй сыйлай біледі. Мұнда таңғы ас ұзаққа созылатын бранчқа ұласады, қарапайым кездесу әдемі дастарқан жаюға себеп болады, ал жексенбі күні міндетті түрде уылдырық қосылған құймақтарға тапсырыс бергіңіз келеді. Себебі бранч бұл жерде жай ғана тамақтану форматынан асып түсіп, қаланың бөлек бір эстетикалық ритуалына айналған.
Фото



Жалпы ақпарат
Аспаздық бағыттар
Еуропа тағамдары
Мекенжайы
220/3 Nazarbayev Avenue, AlmatyЖұмыс уақыты
09:00 – 24:00
Байланыс нөмірі
+7 (777) 111‒20‒24Әлеуметтік желілер
