Palomar
Palomar
Tatler Best 20 Restaurants

Palomar

Жерорта теңізі тағамдары

||

Алматы

Palomar

Palomar-ды көпшілік көз тартар әдемі интерьері, музыканттардың әуені және думанды кештері үшін жақсы көреді. Алайда оның басты құпиясы мүлдем басқада. Palomar – жай ғана мейрамхана емес, бұл үлкен дастарқан басына достармен жиналып, барлық тағамнан аздап тапсырыс беріп, уақытты асықпай өткізу дәстүрінің көрінісі. Бұл жер үлкен компаниямен бас қосуға таптырмайтын орын. Ортаға қойылған дәмді тамақты көргенде жаныңыздағы адамға «мынаның дәмін татып көрші» деп табақты жылжыта салу мұндағы үйреншікті әрі өте жарасымды әдетке айналған. Дастарқанға ірімшік қосылған крокеттер, эмпанадас, хамон және үй стиліндегі ысталған кетчуппен берілетін қой қабырғалары бірінен соң бірі келіп жатады. Palomar-дың қонақтарды өзіне тартатын тағы бір ерекшелігі – оның жұмыс кестесі. Түн ауа қала мейрамханалары есіктерін жаба бастағанда, бұл жерде арнайы түнгі мәзір ұсынылып, өмір одан әрі қайнай түседі. Бірнеше жеңіл тамақ пен бір бокал шарапқа тапсырыс беріңіз де, көңілді кешті тағы бірнеше сағатқа соза түсіңіз.

Фото


Palomar
Palomar
Palomar

Жалпы ақпарат


Аспаздық бағыттар

Жерорта теңізі тағамдары

Бағасы

Мекенжайы

92a Abylai Khan Avenue