


Line Brew Reserve
Елордадағы ең дәмді кәуап қайда жасалатыны туралы пікірталастар әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ал стейк мәселесіне келгенде бәрі анық: астаналықтардың көпшілігі ет жеу үшін ойланбастан Line Brew-ды таңдайды. Ал бұл дегеніміз жылдар бойы қалыптасқан мінсіз беделдің жемісі. Мұнда етті дайындауға өте үлкен жауапкершілікпен қарайды: құрғақтай пісіп-жетілдіретін (dry ager) арнайы камера, гриль, ет кесектерінің кең таңдауы және қуыру деңгейі, тіпті еттің сақталуын жіті түсіндіріп беретін кәсіби даяшылар да бар. Мәзірде бір адамға арналған стейктермен қатар, дастарқан ортасына қойып, бәріне бөліп беретін үлкен ет сеттері де бар. Нағыз кешкі ас дәл осы тағамның айналасында өрбиді: бірнеше тіскебасар, грильде піскен көкөністер, гарнирлер – мұның бәрі негізгі тағамды толықтырып, оның дәмін одан әрі аша түседі. Line Brew-дың басты күші осындай тұрақтылығында. Басқа мейрамханалар қонақтарды тартудың түрлі жаңа жолдарын іздеп жатқанда, бұл мекеме жылдар бойы бір ғана нақты ұсыныс жасап келеді – тамаша стейк жегіңіз келсе, оны қайда дайындалатынын жақсы білесіз.
Фото



Жалпы ақпарат
Әлеуметтік желілер
