Akami
Akami
Tatler Best 20 Restaurants

Akami

Жапон тағамдары

||

Алматы

Akami

Алматыдағы нағыз Жапония рухы сіңген ең басты орын. Мұндағы ғажайып қойылым омакасе үстелінің басында басталады. Бұл ұғым жапон тілінен аударғанда «толығымен сізге сенемін» деген мағынаны береді. Яғни, қонақ тағам таңдауды толығымен шеф-аспаздың шеберлігіне тапсырып, кештің ырғағына ілеседі. Мәзір үнемі жаңарып отырады, ал балық аптасына бірнеше рет Жапониядан тікелей жеткізіледі. Дастарқандағы тағам сырт көзге өте қарапайым көрінеді. Алайда жапон гастрономиясының нағыз шеберлігі осы қарапайымдылықтың астарында жатыр. Мінсіз өнім, дәл табылған температура, балықтың жұқалап кесілуі, күріш пен еттің тепе-теңдігі – осының бәрі зергерлік дәлдікті талап ететін үлкен өнер. Бұл жерде тамақты сөзбен сипаттаудың қажеті шамалы. Тек дайындау процесін бақылап, шефтің әңгімесін тыңдап, әр жұтымнан барынша ләззат алу керек.

Фото


Akami
Akami
Akami

Жалпы ақпарат


Аспаздық бағыттар

Жапон тағамдары

Бағасы

Мекенжайы

66 Kurmangazy Street, Almaty

Жұмыс уақыты

12:00 – 24:00

Байланыс нөмірі

+7 (778) 071 71 99

Әлеуметтік желілер