Temple
Temple
Tatler Best 20 Bars

Temple

Астана

Temple

Temple барында сусын ішудің өзі бөлек бір рәсімге айналған. Мекеменің маңдайшасында атауы көрсетілмеген, есесіне іште қонақтарға арналған бірнеше арнайы қағида бар. Күңгірт жарық, жанып тұрған шырақтар мен винтаж бұйымдар бұл шағын кеңістікке нағыз тылсым аура сыйлайды. Бар үстелінің үстінде жоба авторларының туған қаласы Петропавлдан арнайы әкелінген 150 жылдық ағаш тамыры ілулі тұр. Ол интерьердің басты бөлшегі бола отырып, адамның өз тамырымен үзілмес байланысын еске салады. Temple-дің тағы бір ерекшелігі – дайын мәзірге байланбау. Бармен алдымен сіздің талғамыңызды, көңіл күйіңізді сұрап біледі. Содан кейін ғана дәл сол сәтке сай келетін арнайы коктейль дайындап береді.

Фото


Temple
Temple
Temple

Дәмін көріңіз


  • Мұнда дайын тапсырыспен келу әдетінен арылғаныңыз абзал. Барменге өзіңіз ұнататын дәмдер мен хош иістерді айтып, сүйікті классикалық коктейліңізді атап, қалғанын шебердің өз еркіне қалдырыңыз.

Жалпы ақпарат


Жұмыс уақыты

Wed–Thu 19:00 – 3:00 Fri–Sat 19:00 – 4:00 Sunday 19:00 – 3:00

Байланыс нөмірі

+7 (771) 145‒66‒69

Әлеуметтік желілер