Style|Watches

Watches and Wonders 2026 көрмесінің төртінші күні: сағат өнерінің басты 4 оқиғасы

АвторыАнастасия Стаханова
18.04.2026
Jaeger–LeCoultre Reverso Tribute Enamel Hokusai Waterfalls Series | Jaeger–LeCoultre ресми сайты
IMAGE Jaeger–LeCoultre Reverso Tribute Enamel Hokusai Waterfalls Series | Jaeger–LeCoultre ресми сайты
Жылдың басты сағат көрмесі биыл да барша сағат ынтагерлерін таңғалдырған тамаша жаңалықтарымен қуантты

Vacheron Constantin Métiers d’Art

Vacheron Constantin мануфактурасы Louvre Museum мұражайымен ынтымақтастық аясында жасалған Métiers d’Art топтамасын таныстырды. Топтама негізіне төрт ежелгі цивилизацияның – Қосөзен (Месопотамия), Ежелгі Мысыр, Грекия және Рим бейнелері алынған. Серия төрт модельден тұрады: біріншісі Дур-Шаррукиндегі Саргон II сарайындағы Ламассу құдайына, екіншісі мысырлық фараон Эхнатонға, үшіншісі грек құдайы Афина Палладаға, ал төртіншісі мүйізі бар Тиберин өзен құдайына арналған. Барлық композициялар құмтастан немесе мәрмәрден ойып жасалған мүсіндер түрінде орындалып, мұражайдағы жәдігерлердің түпнұсқасын қайталайды.

Әр модель 18 караттық ақ немесе қызғылт алтыннан құйылған 42×12,9 мм корпуста ұсынылған. Корпустың сатылы жақтауы, өзіне тән құлақшалары және жұмырланған бұрау тетігі бар. Бүйір жақтарында күнтізбе реттегіштері орналасқан, ал сағаттың екі беті де шағылысуға қарсы жабыны бар сапфир шынымен қапталған. Сағаттың жүрегі – 2460 G4/2 автоматты калибрі (қуат қоры – 40 сағат), оның 22 караттық алтыннан жасалған роторы әйгілі Луврдың шығыс қасбетінде бедерлеп салынған суретімен әшекейленген. Бұл модельдердің әрқайсысы небәрі 15 данамен шектелген.

Vacheron Constantin Métiers d’Art | Vacheron Constantin ресми сайты
IMAGE Vacheron Constantin Métiers d’Art | Vacheron Constantin ресми сайты
Vacheron Constantin Métiers d’Art | Vacheron Constantin ресми сайты
IMAGE Vacheron Constantin Métiers d’Art | Vacheron Constantin ресми сайты
Vacheron Constantin Métiers d’Art | Vacheron Constantin ресми сайты
IMAGE Vacheron Constantin Métiers d’Art | Vacheron Constantin ресми сайты
Vacheron Constantin Métiers d’Art | Vacheron Constantin ресми сайты
IMAGE Vacheron Constantin Métiers d’Art | Vacheron Constantin ресми сайты

Patek Philippe Nautilus үстел сағаты

Patek Philippe мануфактурасы өзінің ең танымал Nautilus моделінің 50 жылдығына орай оны қайта зерделеп шықты. 1970-жылдардың басында атақты дизайнер Джеральда Джента жасап шығарған бұл модельдің алғашқы эскизі, аңыз бойынша, Базельдегі мейрамханада небәрі бірнеше минут ішінде круиздік лайнерлердің ілме-тесігінен (иллюминатор) шабыт алып салынған екен. Кварц дағдарысы (яғни 70-жылдары арзан электронды сағаттардың пайда болуынан туындаған механикалық сағат өндірісінің құлдырауы) өршіп тұрған кезде дәл осы Nautilus моделі механикалық сағаттарға деген қызығушылықты қайтарып, бренд үшін бұрын соңды мүлдем жат болған спорттық стиль мен жоғары сағат өнерінің батыл үйлесімін ұсынды.

2026 жылғы мерейтой саны шектеулі модельдер сериясымен (5810/1G, 5810G және 5610/1P) қатар, күтпеген форматтағы Nautilus ref. 958G үстел сағатымен де атап өтілді. Небәрі 100 данамен шектелген бұл модельдің корпусы ақ алтыннан жасалған, диаметрі – 50,65 мм, қалыңдығы – 13,5 мм. Шаң мен ылғалдан жақсы қорғалғанымен, бұл сағатпен су астына сүңгуге болмайды.

Patek Philippe Nautilus | Patek ресми сайты
IMAGE Patek Philippe Nautilus | Patek ресми сайты

Таро карталары бейнеленген сағаттар

Stollenwurm – бұл жас брендтің заман тынысын қалай түсінетінінің айқын мысалы. 2025 жылы дебют жасаған бұл марка биылғы Watches and Wonders көрмесіне Таро карталарының үлкен аркандарына (басты құпия белгілеріне) негізделген модельдерін ала келді. Жалпы, Stollenwurm эзотерикалық тақырыппен тығыз жұмыс істеп келеді: бұған дейін бренд портфелінде астрологиялық топтама болса, енді кезек Таро интерпретациясына келді. Марканың атауы да мифологиямен байланысты: штолленвурм – альпі аңыздарындағы мысық басты, жылан денелі тау үңгірлерінің сақшысы. Құбыжықтың бейнесі сағаттың өзінде де көрініс тапқан – бұл кішкентай мүсіншені мөлдір артқы қақпақ арқылы тамашалауға болады.

Stollenwurm ресми сайты
IMAGE Stollenwurm ресми сайты

Jaeger-LeCoultre Reverso Tribute Enamel Hokusai Waterfalls Series

Jaeger-LeCoultre (Жежер-ЛёКультр) мануфактурасы биылғы көрмеде атақты Кацусика Хокусайдың гравюраларынан шабыт алып, Reverso Tribute Enamel Hokusai Waterfalls Series атты төрт модельден тұратын сағаттар желісін таныстырды. Әр сағат жапониялық суретшінің «Провинция сарқырамаларына саяхат» цикліндегі Күншығыс елінің табиғатын бейнелейтін Roben, Kiyotaki Kannon, Yoro және Aoigaoka сияқты танымал көріністерінің бірін Métiers Rares ательесі шеберлерінің қолымен орындалған миниатюралық эмаль техникасында артқы қақпағына бейнелейді.

Сағаттың алдыңғы беті бамбук, арпа дәні, толқын немесе шырша тәріздес жеке өрнектері бар гильоше негізінде жасалып, түстері құбылып тұратын Grand Feu жартылай мөлдір эмаль қабаттарымен қапталған. Классикалық сағат белгілері мен Dauphine тілшелері Reverso Tribute моделінің эстетикасын сақтап қалған. Ақ алтыннан жасалған корпус (45,6×27,4×9,73 мм) қолмен бұралатын 822 мануфактуралық калибрімен жабдықталған, қуат қоры – 42 сағат. Модель 30 метр тереңдікке дейін су өткізбейді. Әр нұсқа небәрі 10 данамен шектелген.

Jaeger–LeCoultre Reverso Tribute Enamel Hokusai Waterfalls Series | Jaeger–LeCoultre ресми сайты
IMAGE Jaeger–LeCoultre Reverso Tribute Enamel Hokusai Waterfalls Series | Jaeger–LeCoultre ресми сайты
Jaeger–LeCoultre Reverso Tribute Enamel Hokusai Waterfalls Series | Jaeger–LeCoultre ресми сайты
IMAGE Jaeger–LeCoultre Reverso Tribute Enamel Hokusai Waterfalls Series | Jaeger–LeCoultre ресми сайты