Style|Watches

Эволюция шыңы: жаңа Hublot – Arsham Splash сағаты қандай?

Автор Tatler Kazakhstan
18.12.2025
Hublot MP-17 Meca-10 Arsham Splash Titanium Sapphire – тынымсыз қозғалыстың символы | Баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Hublot MP-17 Meca-10 Arsham Splash Titanium Sapphire – тынымсыз қозғалыстың символы | Баспасөз қызметі мұрағатынан
Егер уақыттың сыртқы бейнесі болса, ол Швейцария Альпісінің мөлдір бұлақ суындай мөп-мөлдір болар еді. Енді сол «мөлдір уақытты» білекке тағып жүруге болатын болды: швейцариялық Hublot сағат үйі мен танымал америкалық суретші Дэниел Аршам өз серіктестігінің жаңа кезеңін таныстырып, әлемге MP-17 Meca-10 Arsham Splash Titanium Sapphire моделін ұсынды

Hublot пен Дэниел Аршам жоғары сағат өнерін нағыз арт-нысанға айналдыру жолында тағы да күш біріктірді. Суретшінің бұған дейінгі MP-16 Arsham Droplet трансформер-сағаты сияқты, бұл жаңа модель де табиғаттың басты элементі – судан шабыт алған.

MP-17 Splash сағаты су мен жарықтың үйлесімінен жаралған өнер туындысына ұқсайды. Сағаттың сапфир әйнегі, титан және корпустың жұмсақ сызықтары күн шуағындағы көл беті секілді құбылып тұрады. Бұл – жай ғана уақыт өлшегіш емес, білекке тағылатын бірегей өнер туындысы десе де болады.

Баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметі мұрағатынан

Жаңа модель – Hublot брендінің «Art of Fusion» тұжырымдамасының айқын көрінісі

Мөлдір сапфирден жасалған безель, титан және каучук материалдары брендтің Art of Fusion қағидасына толық сай келеді. Сағаттың басты ерекшелігі – циферблаттағы су шашырандысына ұқсайтын өзгеше «ойық». Бұл деталь суретшінің алдыңғы MP-16 моделіндегі тамшы пішінін еске салады.

Талғампаз корпустың ішінде тіпті ежелгі алхимиктерді де таңғалдыратын күрделі механика орналасқан. 42 миллиметрлік жинақы корпустың ішіне сыйып кеткен Hublot Meca-10 қолмен бұралатын механизмі мөлдір қырлар арқылы анық көрінеді. Бұл сағатқа жай ғана қарап қоймай, оның әр тетігіне сүйсініп, оған ие болуды армандайсыз. брендтің қолтаңбасына айналған Н-тәрізді алты бұранда, ерекше пішінді «құлақшалар» және титаннан жасалған нәзік ілгек өзара мінсіз үйлесім тапқан.

Әрине, Дэниел Аршамның жұмыстарының символына айналған жасыл түсті детальдар да назардан тыс қалмады. Суретші үшін уақыт тақырыбы – шығармашылығының арқауы. Ол өзінің 2016 жылғы TED Talks-тағы сөзінде былай деген болатын: «Менің жұмысым – уақытты бұзу. Көрермен ретінде сіз алдыңыздағы заттың өткеннен келгенін немесе болашақтың бұйымы екенін дөп басып айта алмайсыз».

Дэниел Аршам өзінің «жасанды археология» тұжырымдамасымен танымал | Пресс-қызмет мұрағатынан
IMAGE Дэниел Аршам өзінің «жасанды археология» тұжырымдамасымен танымал | Пресс-қызмет мұрағатынан

Hublot MP-17 Meca-10 Arsham Splash Titanium Sapphire – бұл дәстүрлі материалдар мен пішіндерді қолдана отырып, жоғары сағат өнері мен бейнелеу өнерінің тоғысуынан туған ғажайып нәтиже.

«Дэниел Аршаммен жұмыс істеу – біз үшін дизайнның жаңа қырларын ашып, өнерге деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертеді», – дейді Hublot бас директоры Жюльен Торнар. – «MP-17 Splash сағаты біздің амбассадорымызбен арадағы серіктестіктің жаңа, қызықты тарауына айналды. Бұл модель – брендтің Art of Fusion философиясының заттық көрінісі. Ол қиялды таңғалдырып қана қоймай, инновацияның шекарасын кеңейтеді».

Дэниел Аршамның өзі жаңа туынды туралы былай дейді: «Hublot-мен бірлескен бұл жоба уақыттың ағысына арналған. Сағат корпусы су тамшысының мінсіз геометриясынан шабыт алған, ал ішінде Hublot-ның Meca-10 механизмі орнатылған. Құрылымның мөлдірлігі судың тазалығы мен қозғалысын, оның нақтылығы мен құбылмалы табиғатын айшықтап тұр».

Бұл топтама өте шектеулі мөлшерде шығарылды – әлем бойынша небәрі 99 дана ғана сатылымға шығады.