Bvlgari-дің басты жаңалығы – тәуелсіз сағат шебері Вианне Хальтермен бірлесіп жасалған Octo Finissimo Dual Time × Vianney Halter сағаты. Бұл Octo Finissimo топтамасы аясындағы Bvlgari мен Хальтердің алғашқы серіктестігі. Сондай-ақ бұл – компанияға қатысы жоқ тәуелсіз сағат шеберінің аталмыш үлгінің механизмімен тікелей жұмыс істеген алғашқы тәжірибесі.

Сағаттың жүрегі болып BVL 138 калибрі таңдалған. Бұл механизм мануфактураға тиесілі Saignelégier және Le Sentier шеберханаларында жиналады. Осы серіктестік аясында BVL 138 арнайы жасалған модульдермен толықтырылды. Бұл модульдер GMT, күнтізбе және күн/түн көрсеткіші қызметтерін атқарады.
Дизайнда Octo Finissimo-ның геометриясы мен Хальтердің өзіндік стилі тамаша үйлесім тапқан. Сағатта төрт ақ опал циферблат, көк тілшелер, қызыл секунд тілшесі және шебердің қолы қойылған ротор бар.


Ені 40,5 миллиметр құрайтын сағат денесі елуден астам бөлшектен тұрады. Сағаттың қалыңдығы небары 9,7 мм, ал қуат қоры 60 сағатқа жетеді. Сағат екі нұсқада шықты. Титаннан жасалған үлгісі небәрі 30 данамен, ал қызғылт алтыннан жасалған нұсқасы 15 данамен ғана шектеледі.

Бұдан бөлек, Bvlgari Octo Finissimo Dazzle үлгісін де көрсетеді. Бұл сағаттың титаннан жасалған денесі лазерлік гравюраның көмегімен ерекше оптикалық бетке айналған. Сонымен қатар Bvlgari Aluminium үлгісінің жаңа нұсқасы – Bvlgari Titanio да көпшілік назарына ұсынылады.
