Style|Watches

Bvlgari брендінің танымал суретшілер және сәулетшілермен бірлескен 7 сағаттық жобасы

Автор Tatler Kazakhstan
19.12.2025
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Жақында өткен Dubai Watch Week 2025 көрмесінде Bvlgari сән үйі әйгілі әмірліктік суретші Маттар Бин Лахеджбен бірлескен жобасын таныстырды. Ол – Дубайдағы Museum of the Future ғимаратындағы каллиграфиялық жазулардың авторы

Mattar Bin Lahej x Octo Finissimo (Ref. 104311) үлгісі 40х5 мм сегіз бұрышты титан корпуста, кең безельмен және титан білезікпен ұсынылған. Корпусты, білезікті және сағат бетін араб тіліндегі каллиграфиялық жазу көмкеріп тұр. Бұл – жергілікті билеуші Шейх Мохаммед ибн Рашид Әл Мактумның: «Болашақ оны елестете алатын, жобалай алатын және жүзеге асыра алатын жандарға тиесілі. Болашақ күтіп тұрмайды, оны бүгін-ақ жасауға болады», – деген дәйексөзі.

Octo Finissimo SE Mattar (Ref. 104311) | Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Octo Finissimo SE Mattar (Ref. 104311) | Баспасөз қызметінің мұрағаты

Сағаттың ішіне платиналы микророторы бар, аса жұқа (2,23 мм) мануфактуралық BVL 138 автоматты тетігі орнатылған. Жиілігі – 21.600 пк/сағ, қуат қоры – 60 сағат. Небәрі 10 данамен шықты.

Тағы қандай суретшілер Octo Finissimo-мен жұмыс істеп үлгерді?

2014 жылы Bvlgari Octo Finissimo тарихы басталғаннан бері, бұл үлгі аса жұқа сағаттар әлеміндегі ең танымал сағат болып саналады. Bvlgari бренді үшін Octo Finissimo-ны танымал сәулетшілермен және суретшілермен бірлесіп шығару игі дәстүрге айналды.

Octo Finissimo Tourbillon Simon Ma (Ref. 102602)

2016 жылы гонконгтық суретші Саймон Ма Octo Finissimo үлгісінің 13 данасының сағат бетін өз қолымен бояп шықты. Бұл топтамадағы ең әсерлі дана – өз заманының ең жұқа автоматты турбийондарының бірі болып табылатын 269 тетігімен жабдықталған Octo Finissimo Tourbillon (Ref. 102602) болды.

Octo Finissimo Tourbillon Simon Ma (Ref. 102602) | Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Octo Finissimo Tourbillon Simon Ma (Ref. 102602) | Баспасөз қызметінің мұрағаты

Octo Finissimo Hiroshi Senju Titanium (Ref. 103051)

2018 жылы жапон суретшісі Хироши Сенджумен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 30 данадан тұратын шектеулі серия жарық көрді. Сағаттың корпусы күңгірт титаннан жасалған, ал сағат беті корпус түсімен үндесетін інжуден дайындалып, Сенджу шығармашылығының негізгі тақырыбы – сарқыраманы бейнелейді.

Octo Finissimo Hiroshi Senju Titanium (Ref. 103051) | Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Octo Finissimo Hiroshi Senju Titanium (Ref. 103051) | Баспасөз қызметінің мұрағаты

Octo Finissimo Tadao Ando Limited Edition

2019 және 2021 жылдары Bvlgari бренді сәулет өнеріндегі минимализмнің ірі шеберлерінің бірі, жапон сәулетшісі Тадао Андомен бірлескен жобаларын ұсынды. Алғашқыда титаннан жасалған шектеулі топтама (Ref. 103295) жарық көрді. Андо Octo Finissimo-ның мінсіз пішініне тәнті болып, уақыттың шексіздігін сағат бетіндегі иірім (спираль) арқылы бейнеледі. Бұл бейне уақыт бастау алатын «қара құдымның» нышаны іспетті. Кейінірек Bvlgari бренді мен Андо жапон шеберіне етене таныс ғарыш тақырыбын ары қарай дамытып, 160 данамен керамикалық үлгіні (Ref. 103534) шығарды.

Octo Finissimo Tadao Ando Limited Edition (ceramic) (Ref. 103534) | Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Octo Finissimo Tadao Ando Limited Edition (ceramic) (Ref. 103534) | Баспасөз қызметінің мұрағаты

Octo Finissimo Sejima Edition (Ref. 103710)

2022 жылы Bvlgari брендімен бірге сағат дизайнын жасауға әйгілі жапон сәулетшісі, Притцкер сыйлығының лауреаты және Венеция сәулет биенналесінің «Алтын арыстан» иегері Кадзуё Сэдзима атсалысты. Шектеулі серия: 360 дана.

IMAGE: Octo Finissimo Sejima Edition (Ref. 103710) | Bvlgari ресми сайты

Octo Finissimo Sejima Edition (Ref. 103710) | Bvlgari ресми сайты
IMAGE Octo Finissimo Sejima Edition (Ref. 103710) | Bvlgari ресми сайты

Octo Finissimo Laurent Grasso Edition (Ref. 104005)

2024 жылы француздық концептуалды суретші Лоран Грассоның арнайы нұсқасы жарық көрді. Жезден жасалған сағат бетіне металл пигменттерін қолдана отырып, жеті қабатты жібек-трафаретті басып шығару әдісімен сурет салынған. Мұнда сағат бетіндегі жалғыз нәрсе – күн батқандағы бұлттардың үстінде қалықтап тұрған көк түсті үш тілше. Барлығы 200 дана.

IMAGE: Octo Finissimo Laurent Grasso Edition (Ref. 104005) | Bvlgari ресми сайты

Octo Finissimo Laurent Grasso Edition (Ref. 104005) | Bvlgari ресми сайты
IMAGE Octo Finissimo Laurent Grasso Edition (Ref. 104005) | Bvlgari ресми сайты

Octo Finissimo Lee Ufan (Ref. 104132)

Бұл үлгіні оңтүстіккореялық суретші әрі мүсінші Ли Уфан осы жылдың қыркүйек айында Geneva Watch Days 2025 көрмесіне орай жасап шығарды. Сағат жүзі сұрдан қараға ауысатын айна әсерімен орындалған, бұл жарық пен шағылысу ойынын, яғни суретші шығармашылығының маңызды бөлігін айшықтайды. Мөлдір артқы қақпақта Lee Ufan қолтаңбасы мен серия нөмірі қашалған (барлығы 150 дана).

Octo Finissimo Lee Ufan (Ref. 104132) | Bvlgari ресми сайты
IMAGE Octo Finissimo Lee Ufan (Ref. 104132) | Bvlgari ресми сайты