Style|Jewellery

Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani

Автор Tatler Kazakhstan
25.12.2024
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani

Tatler назарында: Италия жауһары – Damiani-дің бір ғасырлық тарихына сапар

Damiani зергерлік үйі — Валенцедегі шағын шеберханадан бастап, жүз жылдық терең тарихы бар италиялық отбасының баға жетпес жәдігері.

1924 жылы Энрико Грасси Дамиани негізін қалаған бренд өзінің алғашқы күннен бастап-ақ бұйымның сапасы мен әр миллиметріне ыждаһаттық танытуымен ерекшеленді. Оның ақсүйектерге арналған зергерлік бұйымдары лезде танымал болып, шебердің атын сол өңірде мәшһүр етті.

Damiani зергерлік бұйымдарын бүгінде Софи Лорен, Шэрон Стоун, Пенелопа Круз секілді әлемдік кино мен шоу-бизнес жұлдыздары жарқыратып тағып жүр. Арасында брендтің жаһандық елшісіне айналған Джессика Честейн де бар.

Осы орайда Damiani-дің сырбаз Брэд Питтпен коллаборациясын айтпай кетуге әсте болмас. Қос тарап D.Side коллекциясындағы неке сақиналарының топтамасымен әшекейлер әлемін дүр сілкіндіргені талғампаз жұрттың әлі есінде. 

Сондай-ақ Damiani өзінің жүз жылдық мерейтойына орай 100х100 Italiani көрмесін ұйымдастырып, тарих толқынының әр кезеңін әшекейлерімен сипаттап шыққан-ды.

Осы бір атаулы датаны біз де назардан тыс қалдырмадық. «Ғасыр толқынындағы Damiani» мақаласында зергерлік алпауыттың даму кезеңдеріне тоқталдық. 20-30-шы жылдардағы маңғаз талғам мен 60-шы жылдардың гламурынан 70-ші жылдардың эклектизміне, 90-шы жылдардағы минимализмнен 2000-шы жылдардағы жаңашылдық пен 2020-шы жылдардағы батыл қадамдарға дейін көз жүгірттік. Әрбір дәуір талғам мен стильдегі өзгерісті ғана емес, Damiani-дің қалайша талай жылдар бойы көш басын бермей келе жатқанынан сыр шертеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл мақала жоғары талғам мен әсемдіктің символына айналған брендке арналады.

1920–1930 жылдар: аңыздың пайда болуы

Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani

Қатаң геометриялық пішіндер мен асау талғам дес бермей тұрған әйгілі Art Deco дәуірінде Энрико Грасси Дамиани Валенцада өз шеберханасын ашады. Оның зергерлік бұйымдары керемет болғаны сонша, бірегей бренд бірден италиялық элитаның сүйікті әшекейіне айналады.

1960-шы жылдар: жаңа дәуір

Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani

60-шы жылдардағы еркіндікке ұмтылыс пен жарқ-жұрқ еткен жарқын стиль Damiani дизайнында өз ізін қалдырады. Осы кезеңде Энриконың ұлы Дамиано Дамиани компанияға жаңа тыныс береді. Ол өндірісті кеңейтіп, брендтің Италия шекарасынан асып, өзге елдерде де тарауына жол ашады. Оның жетістіктері арасындағы гауһар тастардың жылтырлығын арттыратын технологияны қолдану, өнімді таныстыру үшін каталогтарды пайдалану және өнім сапасына берілетін кепілдіктерді ұсыну Damiani-дің дамуына зор септігін тигізеді. 

1970-шы жылдар: батылдық және эксперимент

Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani

Эксперимент пен эклектизм кезеңінде Дамиано Дамиани брендті дамытуды одан әрі жалғастырады. Ол трендтермен бір толқында болып, инновациялық тәсілдерді дәстүрлі италиялық дизайнмен үйлестіреді.

1990-шы жылдар: жаһандық жетістік

Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani

Тізгінді әулеттің үшінші буыны – Гвидо, Сильвия және Джорджио Дамиани ұстағалы бері брендтің беделі жаһандық деңгейге жетеді. Damiani дүние жүзінің ірі қалаларында бутиктер ашатын әлемдік алпауытқа айналады.

2000-шы жылдар: жұлдыздар жарқырайды

Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani

Жаңа мыңжылдықтың басында Damiani әшекейлерімен әлемдік жұлдыздар да жарқырай түседі. Соның ішінде Брэд Питттің D.Side коллекциясы көпті тәнті етеді. Брэнд Diamond International Award марапатын 18 рет ұтып алып, зергерлік индустриядағы әлемдік көшбасшы ретіндегі өз позициясын нығайтады. 

2020-шы жылдар: болашаққа бағдар

Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani
Tatler арнайы жобасы: ғасыр толқынындағы Damiani

Damiani зергерлік үйі жүз жыл өтсе де, кезіндегі Энрико Грасси Дамианидің рухын жоғалтқан жоқ. Дәл сол маңғаз талғам, дәл сол сенімді даму жолы. Damiani мұнымен тоқтай қоймасы анық. Қызықтың көкесі әлі алда!