Style|Jewellery

Serpent Bohème Vintage: Boucheron жаңа әшекей бұйымдар топтамасын таныстырды

Автор Tatler Kazakhstan
15.03.2025
BOUCHERON
IMAGE BOUCHERON

Қайта жаңғырған 1970-ші жылдардағы Boucheron әшекей бұйымдары.

Boucheron зергерлік үйі 1970-ші жылдардағы дизайндардан шабыт ала отырып жасалған жаңа Serpent Bohème Vintage топтамасын таныстырды. Коллекция культтік сипатқа ие болған тамшы пішінімен ерекшеленеді. Boucheron үйінің шеберлері алтынды мұқият қашап, гравюра әдісімен жыланның қабыршақтарын айнытпай кескіндейді де, оны жыланның басын бейнелейтін тамшыға айналдырады.

Креативті директор Клэр Шуан он бес үлгінің дизайнын жаңартуға бел буған екен. Бұлардың арасында зергерлік бұйымдар да, жоғары сапалы зергерлік өнер туындылары да бар. Гүл мотивтерімен, сондай-ақ кабошон тастарымен безендірілген 1974 жылғы сотуар алқасы топтамаға арқау болған. Сонымен қатар коллекцияда гауһар таспен әрленген алтын трансформер алқалар, білезіктер, сақиналар және сырғалар бар. Білезіктер мен сақиналар винтаждық мотивтерге келсе, сырғалар әртүрлі стильде ұсынылған.

Гауһар таспен әрленген, сары алтыннан жасалған винтаждық Serpent Bohème алқасы
Екі саусаққа тағуға арналған, жылан бейнелес, богемдік стильдегі винтаждық сақина
18 караттық сары алтыннан жасалған гауһарлы Serpent Bohème алқасы
Гауһар таспен әрленген, сары алтыннан жасалған винтаждық Serpent Bohème манжет білезігі
Гауһар таспен әрленген, сары алтыннан жасалған, жылан бейнелес богемдік стильдегі тобыққа тағатын көп түсті бау
Гауһар таспен әрленген, сары алтыннан жасалған, бір емес, бірнеше жылан пішіндес мотиві бар Bohème Solarite білезігі
Циферблаты күңгірт, білезігі сары алтыннан жасалған, гауһар таспен көмкерілген, сары алтыннан жасалған Serpent Bohème сағаты
Циферблаты ақ седептен, ал білегізі болаттан жасалған, гауһар таспен әрленген, болаттан жасалған Serpent Bohème сағаты
8 фотоның / 1 фотосы Гауһар таспен әрленген, сары алтыннан жасалған винтаждық Serpent Bohème алқасы