Сағат индустриясымен енді танысып жүрсеңіз, алғашқы деңгейде білезігіңіздің ажарын ашатын брендтер топтамасын ұсынамыз
Casio сағаттары – жастық пен прагматизмнің символы, заманауи хипстер бейнесінің негізгі элементі. Бірақ ерте ме, кеш пе, үлкенірек нәрсені алғыңыз келеді. орын табылады. Сағат индустриясынан хабарыңыз болмаса, шатасып кетуіңіз әбден мүмкін. Өйткені сағат тек сәндік элемент емес, статустың, талғамның, мінездің көрінісі. Осы жинақта сіздер үшін сағат өнеріне алғашқы қадамның жайлы болуын қамтамасыз ететін модельдер топтамасын ұсындық.
Omega x Swatch Bioceramic MoonSwatch
Omega мен Swatch-тың бірлескен жобасы - люкс пен қолжетімділіктің шынайы үйлесімі. MoonSwatch сериясы әйгілі Omega Speedmaster Moonwatch стилінде жасалған. Коллекцияда 11 модель бар, олар Күн жүйесіндегі аспан денелерінің түстеріне боялған. Жарқын сары Күннен бастап, перифериядағы қарапайым Плутонға дейін түгел сақадай сай сізді ғана күтіп тұр. Кез келген талғамға сай жарқын түстер және қолжетімді баға – сағат өнеріне саяхат жасау үшін тамаша әліппе болмақ.
Cartier Tank Must
Tank коллекциясы 1917 жылы жасалған. Сол уақыттан бері олар кербездіктің үлгісіне айналған. Классикалық тікбұрышты корпус Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі танк дизайндарынан тарайды. Осындай ауыр техникамен визуалды байланысына қарамастан, сағаттар қарапайым әрі әмбебап. Бүгінде Tank топтамасы ең ерке әуесқойды да таңғалдыра алады. Франциялық талғампаздықтан бастап, қарапайым кварцтық Must үлгілеріне дейін сіздің қолыңызды күтіп жатыр.
Tudor 1926
Tudor компаниясы 1926 жылы Rolex-тің негізін қалаушы Ганс Вильсдорфпен құрылған. 1926 топтамасы брендтің түп тамыры мен болмысынан сыр шертеді. Бұл сағаттар классикалық стильді ұнататындар үшін жасалған. Сәнді бедерлі циферблатқа ретро стилі қосылып, жалпы көрініс ерекше сипатқа бөленген. Тері немесе металл білекбауды таңдауға болады. Модель – 28мм, 36мм, 39мм және 41мм секілді төрт түрлі өлшемде қолжетімді .
IWC Pilot’s Watch
IWC Pilot’s Watch – аспан мен авиацияны армандайтын адамдар үшін. Алғашқы пилоттық сағаттар 1930 жылдары шықты. Сол кезде ұшақ кабинасы жылытылмаған, сондықтан температураның -40-тан +40 градусқа дейін өзгеруін көтере алатын сағаттар қажет болды. Сағаттың бұрауышын қалың қолғаппен бұрауға болатындай әдейі үлкен етіп жасалған. Бүгінгі таңда осы модельдің заманауи түрі – саф классиканың дәл өзі.
Rolex Oyster Perpetual
Rolex Oyster Perpetual – бұл әкенің ұлы 18-ге толғанда ересек өмірге қадам басуына орай арнайы сыйлайтын сағаты. дайындап беретін. Уақыт шекарасына бағынбайтын бірегей модель. Техникалық тұрғыда да, дизайн жағынан да ұзаққа шыдайды. Oyster Perpetual – бұл, ең алдымен, өзіңізге жасалған инвестиция.












