Style|Jewellery

Қытай Жаңа жылы: Жылан жылында қандай сағат пен әшекей тағу керек?

Автор Егор Ходаков
30.01.2025
Spirit of Big Bang Year of the Snake | Hublot
IMAGE Spirit of Big Bang Year of the Snake | Hublot

Қытай Жаңа жылына арналған зергерлік және сағат брендтерінің су жаңа туындылары

Қытай жаңа жылы басталды. Оның осы жолғы символы – жасыл ағаш жылан. Ол даналықтың, жаңарудың және өмірлік қуаттың белгісі. 2025 жылы осы қасиеттер барлығымызға серік болсын деген тілекпен жылан жылын атап өту үшін жылан пішінді сағаттар мен зергерлік әшекейлер топтамасын ұсынамыз.

Hublot Spirit of Big Bang Year of the Snake

Hublot бренді LVMH Watch Week 2025 аясында Spirit of Big Bang Year of the Snake атты шектеулі коллекциясын ұсынды. Сағаттың 42 мм корпусы қара керамикадан жасалған. Оның өзін құмды тәсілмен өңдеп, жылтыр жабын жалатқан. Бедерлі безель мен каучук бауы жылан терісінің текстурасымен әрленген. Сапфир әйнегінің астына алтын түсті жылтыр «жылан» өрнегі салынған. Ал бұйымның хақ жүрегінде – HUB4700 механизмі кремнийден жасалған жүріс реттегішімен бір ритмді ұстап тұр. Еске сала кетейік, бұл ерекше үлгі 88 данамен ғана шығарылды.

Spirit of Big Bang Year of the Snake | Hublot
IMAGE Spirit of Big Bang Year of the Snake | Hublot
Қытай Жаңа жылы: Жылан жылында қандай сағат пен әшекей тағу керек?

Jaeger-LeCoultre Reverso Tribute Eamel Snake

Jaeger-LeCoultre шеберлері жасаған ерекше туынды. Métiers Rares ательесінің зергерлері Grand Feu эмалімен қапталған қара циферблат пен корпустың артқы жағын дайындады. Сағат қара аллигатор былғары баумен толықтырылған. Қолмен оюланған жылан бейнесін жасауға 80 сағат жұмсалған. Ал ішкі механизмі – қолмен бұралатын 822 калибрі.

Reverso Tribute Enamel Snake | Jaeger-LeCoultre
IMAGE Reverso Tribute Enamel Snake | Jaeger-LeCoultre
Қытай Жаңа жылы: Жылан жылында қандай сағат пен әшекей тағу керек?

GEOMA «Жылан» алқасы

GEOMA ұсынған нәзік «Жылан» алқасы мойынды ерекше нәзіктікпен орап тұрады. Оның құйрығының ұшында алмұрт пішінді асыл тас орнатылған. Әшекей күмістен, ақ, сары немесе қызғылт алтыннан жасалуы мүмкін. Инкрустацияға гауһар, жақұт, зүбаржат, турмалин және басқа да бағалы, жартылай бағалы тастар пайдаланылады. SNAKES коллекциясында алқадан бөлек сырға, жүзік, қапсырма және түйреуіш әшекейді де таба аласыз.

«Жылан» алқасы | GEOMA
IMAGE «Жылан» алқасы | GEOMA

Longines Conquest Heritage Year of the Snake Edition

Longines бренді Conquest Heritage моделінің жылан жылына арналған арнайы нұсқасын шығарды. Дизайнды жасауға қытайлық суретші У Цзяньань қатысқан. Сағаттың артқы қақпағында аузында линчжи саңырауқұлағы бар жыланның бейнесі қашалып салынған. 40 мм болат корпустағы сағаттың циферблатында қызыл градиент, алтынмен қапталған көрсеткіштер мен индекстер бар. Сағат жүрегі – Longines L888.5 механизмі, кремний серіппесімен жабдықталған. Бұл үлгі 2025 данамен шығарылды.

CONQUEST HERITAGE YEAR OF THE SNAKE EDITION | Longines
IMAGE CONQUEST HERITAGE YEAR OF THE SNAKE EDITION | Longines
Қытай Жаңа жылы: Жылан жылында қандай сағат пен әшекей тағу керек?

Bvlgari Serpenti Tubogas Automatic

Bvlgari-дің әйгілі Serpenti Tubogas сағаттары жаңа Lady Solotempo BVS100 мануфактуралық механизмімен жабдықталған. 35 мм су тамшысы пішіндес корпусы мен икемді білезігі қызғылт алтыннан жасалған. Ал безельді 40 дөңгелек кесілген гауһар безендіреді. Тәжінде кабошон кескініндегі рубеллит орнатылған. Циферблат ақ опал материалынан жасалып, күн сәулесі пішініндегі гильоше өрнегімен әрленген.

Қай әшекейді таңдар едіңіз? 😍

Serpenti Tubogas Automatic | Bvlgari
IMAGE Serpenti Tubogas Automatic | Bvlgari
Қытай Жаңа жылы: Жылан жылында қандай сағат пен әшекей тағу керек?