Style|Jewellery

Париж Сән апталығы: Зергерлік әлемдегі 4 басты жаңалық

Автор Tatler Kazakhstan
17.11.2025
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Messika зергерлік үйі өзінің 20 жылдық мерейтойын Париж Сән апталығында, Лувр аумағындағы Musée des Arts Décoratifs мұражайында дүркіретіп атап өтті. Кеш барысында Terres d’Instinct атты жоғары зергерлік топтама ұсынылды. Бұл топтаманың Оңтүстік Африканың сұлулығы мен қуатына арналуының өз сыры бар: зергерлік үйге қажетті алмастардың басым бөлігі дәл осы құрлықтан жеткізіледі. Кеш сенегалдық аңыз Юссу Н’Дурдың жанды дауысымен ашылып, Davido мен Omah Lay-дың афробит ырғақтарына ұласты. Ал подиум төріне жас африкалық дизайнерлер Фебен Соломон (Feben) мен Виктор Анате (Vicnate) өз туындыларын алып шықты

Махаббат жайлы тағы бір сыр

Cartier 56 жыл ішінде алғаш рет өзінің әйгілі Love білезігін түбегейлі жаңартты. Енді ол бұрынғыдай қатты емес, иілгіш пішінге ие болып, білекті нәзік орап тұрады. Жаңа нұсқа бірде-бір тігіссіз біріктірілген 200-ден астам ұсақ бөлшектен құралған. Оның көзден таса жасырынған ілгегінің арқасында әшекейді мойынға тағатын алқаға, тіпті белбеуге де айналдыруға болады. Осы білезікке жұп ретінде Cartier дәл осындай дизайндағы сары, қызғылт және ақ алтыннан жасалған сақиналарды да ұсынды.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
5 фотоның / 1 фотосы Баспасөз қызметінің мұрағаты

GIRL POWER

Bvlgari өзінің Serpenti in Conversation жобасының жаңа тарауын ашты. Бұл жобада брендтің аты аңызға айналған жылан бейнесі шығармашыл әйелдер арасындағы диалогқа арқау болды. Жобаның алғашқы кейіпкері – өзінің графикалық пішіндерімен және арт-эстетикасымен танымал париждік Destree брендінің негізін қалаушысы Жеральдин Гюйо атанды. Ол Bvlgari креативті директоры Мэри Катранзумен бірге Serpentine Top-Handle сөмкесін көпшілік назарына ұсынды. Сөмкенің иілгіш S-тәрізді тұтқасы күрделі зерлі өрнектермен толықтырылған, ал оның айқын сызықтары Destree брендінің фирмалық стиліне тән екенін аңғартады.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Уақыт жебесі

Boucheron өзінің жаңа Flèche топтамасында ең көне мотивтерінің бірі – жебеге қайта оралып отыр. Бұл бейне алғаш рет 1860-шы жылдардағы эскиздерде пайда болған екен. Махаббат пен соғыстың, күш пен дәлдіктің рәмізі болған жебе ақ гауһар тастардан жасалған сегіз түрлі әшекейдің арқасында жаңаша үн қатты. Креативті директор Клер Шуан әшекейлерді тек білекке немесе мойынға ғана емес, сонымен қатар арқаға (брошь ретінде) немесе шаш үлгісін әсерлі жебе-қапсырмамен бекітіп, тағудың жаңа жолдарын ұсынады.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты