Style|Jewellery

Көгершін, көз және мәрмәр: Palace пен Жан-Шарль де Кастельбажактың жаңа арт-коллабы

Автор Индира Тлегенова
01.07.2025
Жан-Шарль де Кастельбажак | PALACE
IMAGE Жан-Шарль де Кастельбажак | PALACE

Бұл – Palace пен Кастельбажактың үшінші бірлескен топтамасы

Түс, метафора және сәнді аллюзиялар шебері саналатын француз дизайнері Жан-Шарль де Кастельбажак Palace брендімен үшінші бірлескен топтамасын ұсынды. Эксцентрикалық әрі көпқабатты бұл коллаб дадаизмге сілтемелер, коллаж эстетикасы және бейбітшілік көгершіні мен бәрін көретін көз сияқты символикаға толы.

Бомбер, оверсайз-свитер, джинсы, худи және лонгслив сияқты бұйымдарға киіз аппликациялар, қанық принттер және сынықтардан құрастырылған Palace логотипі ерекше көрік береді. Бұл дизайндағы әрбір элементтің өз мағынасы бар: ақ көгершін – бейбітшіліктің, көз – үздіксіз цифрлық бақылаудың, ал мәрмәр бюст – естелік пен тарихпен байланыстың символы. Дизайнердің өзі бұл туындыларын «қозғалыстағы арт-нысандар» және «графикалық кейіпкерлер» деп сипаттайды.

PALACE JCC+ | PALACE
IMAGE PALACE JCC+ | PALACE
Көгершін, көз және мәрмәр: Palace пен Жан-Шарль де Кастельбажактың жаңа арт-коллабы
Көгершін, көз және мәрмәр: Palace пен Жан-Шарль де Кастельбажактың жаңа арт-коллабы
Көгершін, көз және мәрмәр: Palace пен Жан-Шарль де Кастельбажактың жаңа арт-коллабы

Дизайнердің жұмыс ауқымы мұнымен шектелмейді. Мәселен, де Кастельбажак жақында ғана жаңартылған Нотр-Дам соборының салтанатты ашылуына 700-ден астам діни қызметкерге арнап киім үлгісін жасаған.

Бұл – Palace пен Кастельбажактың үшінші жобасы. Егер 2019 жылы олар бауырластықты, 2020 жылы бейбітшілік пен поп-мәдениетті сөз етсе, биылғы топтаманың визуалды тілі анағұрлым күрделене түскен. Десе де, оның рухы бұрынғыдай. Топтама бір жағынан жарқын әрі ойлы болғанымен, екінші жағынан барлық мағына бізден бұрын ойлап табылып, худилерге басылып қойған ескі әуенді қайталайтындай көрінеді.