Style|Jewellery

Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier

Автор Tatler Kazakhstan
16.05.2025
Getty Images
IMAGE Getty Images

Трамелл Тиллман, Зои Салдана, Разан Джаммаль және өзге де жұлдыздар Cartier-нің қандай әшекейлерімен сәнделді?

Биыл да Cartier сән үйі Көк жағалаудың жүрегіндегі кино өнерінің айтулы оқиғасымен қайта қауышты. Аңызға айналған зергерлік брендтің асыл бұйымдарын үйдің елшілері мен жақын достары таңдап, Cartier-ге ғана тән еркіндік рухын, өнерге деген құштарлық пен мінсіз шеберлікті паш етті. Олардың арасында актрисалар Зои Салдана, Юсра, Сюзанна Вюст, Лена Урцендовски, Разан Джаммаль, Анушка Делон, тележүргізуші Райя Абирашед, кинопродюсер Мохаммед әл-Турки және «Severance» телехикаясының жұлдызы Трамелл Тиллман да болды. Канн кинофестивалінің қызыл кілемінде жұлдыздар Cartier-нің қай туындыларымен өз образдарына сән қосқанын баяндаймыз.

Зои Салдана

Зоидің таңдауы Cartier Collection топтамасының жарқыраған гауһар тастарымен безендірілген ақ алтын сырғаларға түсті. Сонымен қатар ол Géométrie & Contrast топтамасынан геометриялық өрнегімен ерекшеленетін Abstraction Géométrique білезігін де тақты. Күн шуағындай сары және ай нұрындай ақ алтыннан жасалған, қара оникс және мөлдір гауһар тастармен әсемделген бұл бұйым оның образына ерекше сән берді.

Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images

Юсра

Юсраның соңғы келбеті түгелдей Grain de Cartier топтамасының асыл әшекейлерінен құралды: алтынның екі түрінен жасалған, гауһар тастармен көмкерілген сырғалар, нәзік алқа, сәнді білезік және саусақтың көркін келтіретін жүзік оның сұлулығын айшықтай түсті.

Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images

Райя Абирашед

Райяның мойнында жаңбырдай жауған гауһар тастардан құралған Pluie de Cartier алқасы жарқырады, ал оған сәйкес келетін сырғалар да ақ алтыннан жасалып, гауһарлармен безендірілген. Оның образын қант кесінді халцедонмен әрленген Panthère de Cartier жүзігі толықтырды.

Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images

Сюзанна Вюст

Сюзанна Reflection топтамасынан нәзік алқаны және Cartier шеберінің қолынан шыққан үштік Broderie de Cartier жүзігін таңдады. Екеуі де ақ алтыннан құйылып, гауһар тастармен әсемделген.

Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images
Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images

Лена Урцендовски

Ленаның ақ алтыннан құйылған, түгелдей гауһар таспен көмкерілген Maillon Panthère сырғасы жан-жағына сәуле шашса, саусағындағы Cartier Collection топтамасына тиесілі ақ алтыннан жасалған, оникс және гауһар тастармен әрленген екі жүзік көздің жауын алды.

Мохаммед әл-Турки

Мохаммед өзінің келбетіне C Allongé de Cartier күннен қорғайтын көзілдірігін, гауһар тас пен жасыл зүбаржатпен безендірілген ақ алтыннан жасалған Panthère de Cartier Sultana танамоншағын, сондай-ақ Collection Panthère сағатын қосты.

Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images

Разан Джаммаль

Разан Cartier-нің әртүрлі топтамаларынан бірнеше асыл бұйымды таңдады. Ақ алтыннан жасалған, жарқыраған гауһар тасты екі жүзік және сырғалар оның нәзік келбетіне үйлесімділік сыйлады.

Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images

Анушка Делон

Анушканың образы Trinity Box алқасын және сол топтамадан екі жүзікті қамтыды. Оның сәнін қызғылт алтыннан жасалған орташа өлшемді Juste un Clou білезігі мен Panthère de Cartier сағаты толықтырып тұрды.

Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images

Трамелл Тиллман

Трамелл сары алтыннан жасалған Panthère de Cartier галстук қыстырғышына, сондай-ақ сары алтыннан құйылған Juste un Clou білезігі мен жүзігіне таңдау жасады. Оның образын гауһар тасты сары алтыннан жасалған Panthère жүзігі және гауһар тасты Trinity жүзігі толықтырды.

Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images
Getty Images
Канн кілемінде сәуле шашқан Cartier
2 фотоның / 1 фотосы Getty Images