FIFA-2026 әлем чемпионатының жеңімпаздары турнир тарихында алғаш рет дәстүрлі кубок пен алтын медальдан бөлек, арнайы чемпиондық жүзіктермен де марапатталады. Бұл жаңа марапаттың алғашқы иегері – биылғы әлемдік додада топ жарған Испания құрамасының футболшылары.
Естелік жүзіктердің табысталатыны туралы FIFA өкілдері мәлімдеді. Жарияланған кадрлардан ұйым президенті Джанни Инфантиноның алғашқы даналардың бірін Испания ойыншысына табыстап жатқанын көруге болады. Алтынмен апталып, асыл тастармен көмкерілген бұйымның қақ ортасында Испания ұлттық туының түстері бейнеленсе, айналасына әлем чемпионатындағы жеңіске арналған жазулар ойып жазылған.
Солтүстік Американың кәсіби спортында, мысалы, NBA, NFL, NHL және MLB лигаларында чемпиондық жүзік тағу баяғыда-ақ бұлжымас дәстүрге әрі маусымдағы ең басты жеңістің символына айналған. Енді бұл үрдісті футболшылардың әлем біріншілігіндегі триумфын одан әрі ерекше ету мақсатында FIFA да өз тарихында алғаш рет қолданысқа енгізіп отыр.
