Style|Jewellery

«Ет», «брокколи» және күміс: Фрэнк Оушен Homer брендінің жаңа зергерлік топтамасы жарық көрді

Автор Индира Тлегенова
26.06.2025
Homer
IMAGE Homer

Beef Broccoli Life – әнші Фрэнк Оушеннің үш жылдық үзілістен кейінгі алғашқы топтамасы

Үш жылға жуық үзілістен кейін Фрэнк Оушен өзінің Homer зергерлік брендінің жаңа топтамасымен оралды. Beef Broccoli Life атты бұл желі 2022 жылы шыққан Dogs сериясынан кейінгі алғашқы туынды. Ол бағасы 595 доллардан 3850 долларға дейінгі Beef, Broccoli және Life деп аталатын алқалар мен жүзіктерден тұрады.

Дизайны мультфильм кейіпкерлеріне ұқсас болғанымен, бұйымдар асқан ұқыптылықпен жасалған: «ет», «брокколи» және «өмір» бейнелері күмістен құйылып, эмальмен және нанокерамикамен қапталған. Мұның бәрі тамақ, өнер және зергерлік бұйымдар арасындағы тепе-теңдік туралы ерекше, бірақ үйлесімді диалог іспетті көрінеді.

Homer – Фрэнк Оушеннің 2021 жылы негізін қалаған зергерлік бренді. Әшекейлер Италияда қайта өңделген бағалы металдардан толығымен қолдан жасалады. Фрэнктің өзі оларды «мұраға қалатын мүсіндер» деп сипаттайды, яғни уақыт сынынан өтіп, болашаққа жететін дүниелер.

Chet Blue | Homer
IMAGE Chet Blue | Homer
Retba Pink | Homer
IMAGE Retba Pink | Homer
Silver | Homer
IMAGE Silver | Homer
Silver | Homer
IMAGE Silver | Homer