Style|Jewellery

Chopard – Канн фестивалінің басты ажары

Автор Зарина Баймусина
29.05.2025
Chopard
IMAGE Chopard

Зергерлік үй 1998 жылдан бері «Алтын пальма бұтағын» және байқаудың барлық жүлделерін жасайды

Chopard – кино өнеріндегі ең мәртебелі марапат «Алтын пальма бұтағын» жасау құқығына ие жалғыз зергерлік үй. Бұл ынтымақтастық Chopard Сән үйінің киноға деген айрықша сүйіспеншілігін, сондай-ақ оның экологиялық таза әрі тұрақты сән-салтанат қағидаттарына адалдығын айшықтайды.

Бәрі 1997 жылы Chopard-тың тең иесі Каролина Шойфеленің сол кездегі Канн кинофестивалінің президенті Пьер Виомен кездесуінен басталды. Пьер Вио Каролинаға «Алтын пальма бұтағының» жаңа дизайнын жасауды ұсынды. Кино өнерінің жанкүйері Каролина Шойфеле бұл күрделі міндетті қуана қабылдады. Ол әлемдік кинодағы ең беделді марапаттардың бірін жасауға өзінің бар қиялын, шабытын және зергерлік шеберлігін арнады. Келесі жылы, 1998 жылғы Канн кинофестивалінің жабылу салтанатында жұртшылыққа біз бүгінгі таңда білетін жаңа «Алтын пальма бұтағы» таныстырылды.

Chopard компаниясы сонымен қатар кино өнеріндегі жаңа буынды қолдау мақсатында жыл сайын жас актрисалар мен актерлерге арналған Trophée Chopard сыйлығын табыстап келеді.

Chopard
IMAGE Chopard

Trophée Chopard мүсіні – шыны тұғырда орналасқан, алтынмен апталған күміс кинотаспа түрінде жасалған. Оның да дизайнын Каролина Шойфеле әзірлеген. Жас таланттарды іріктеуді беделді комиссия жүргізеді, оның құрамына Каролинаның өзі, сондай-ақ сыйлықтың «қамқоршылары» және бұрынғы лауреаттар кіреді.