Style|Jewellery

Cartier-нің жануарлар әлемі жаңа кейіпкерлермен толықты

АвторыTatler Kazakhstan
04.09.2026
Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
Cartier үйі жоғары зергерлік өнердің Into the Wild атты жаңа топтамасын ұсынды. Мұнда басты кейіпкер ретінде әйгілі қабылан сақталған. Бірақ бұл жолы оның қатарына жолбарыс, тотықұс, тұқы балығы, қолтырауын мен мүйізтұмсық қосылды

Cartier өз әшекейлерінде жануарлар бейнесін баяғыдан бері қолданып келеді. Үйдің топтамаларындағы алғашқы құстар мен жәндіктер ХХ ғасырдың басында пайда болған. Ал қабыланның орны ерекше. 1948 жылы Жанна Туссен алғаш рет қабыланның толықтай үш өлшемді мүсінін жасап шықты. Виндзор герцогинясына арнап жасалған әйгілі түйреуіш Cartier тарихындағы ең маңызды туындылардың біріне айналды. Онда 116,74 караттық зүбәржаттың үстінде алтын мен эмальдан құйылған қабылан бейнеленген еді.

Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан

Жаңа топтамада жануарлар ірі сақина, білезік және алқа пішінінде берілген. Мысалы, жолбарыс, тұқы балығы, тотықұс пен мүйізтұмсық бастары көз тартарлық сақиналардың негізіне айналды. Оларды жасау үшін жақұт, аквамарин, маржан, анартас, түтін түстес кварц және басқа да асыл тастар қолданылды. Шеберлер әрбір ұсақ бөлшекке ерекше мән берген. Cartier геммологтары мүйізтұмсықтың мүйізін, тұқының желбезегін және тотықұстың айдарын қолмен жонып шығарады. Содан кейін металл шеберлері осы элементтердің айналасына негізгі құрылымды тұрғызады. Ал тастарды бекітудің түрлі әдістері жануардың жүнін, қабыршағын немесе терісін айнытпай береді.

Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан

Әрине, топтамада қабыланға ерекше орын берілген. Panthère de Cartier tête-à-tête білезігінде екі қабыланның басы білек тұсында бір-біріне қарап тұрады. Ақ алтын мен гауһар тастар жануар жүнін елестетсе, көздері зүбәржаттан жасалған. Қабыланның тағы бір бейнесі Cartier-нің зергерлік сағатында көрініс тапты. Оникстен жасалған циферблатты жануардың әдемі мүсіні безендіріп тұр. Көздеріне цаворит анартастары таңдалса, сағат корпусы гауһар тастармен және қара лакпен көркемделген.

Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Cartier баспасөз қызметінің мұрағатынан

Жаңа топтаманың құрметіне 1 қыркүйекте Парижде ерекше инсталляция орнатылды. Сена өзеніне қарап тұрған Hôtel-Dieu ғимаратының қасбетінде аумағы 1 400 шаршы метр болатын алып қабылан бейнесі пайда болды. Алдағы уақытта мұндай жобалар Лондон, Милан, Шанхай, Токио, Майами және Нью-Йорк қалаларында да жоспарланып отыр.