Style|Jewellery

Bvlgari-дің Миландағы жаңа сәнді бутигі

Автор Tatler Kazakhstan
27.03.2025
Bvlgari
IMAGE Bvlgari

Ашылу салтанатына орай Tubogas & Beyond көрмесі ұйымдастырылды

Миланның сәулетті Монтанаполеоне көшесінде Bvlgari-дің жаңа флагмандық бутигі өз есігін ашты. Тарих пен заманауилық үндескен бұл ерекше кеңістік 1835 жылы атақты сәулетші Фердинандо Альбертолли жобасымен салынған Taverna Radice Fossati ғимаратында орналасқан. Бутиктің ішкі көрінісі Рим дәстүрлерінің салтанаттылығы мен Милан сәулет өнерінің мұрасынан шабыт алса, ішкі залдарында Фабио Виале мен Лука Пиньятелли сияқты заманауи суретшілердің бірегей туындылары, сондай-ақ италиялық қолөнер шеберлерінің нәзік бұйымдары ұсынылған.

Бутиктің салтанатты ашылуына орай, Bvlgari өзінің ең танымал коллекцияларының біріне арнап, «Tubogas & Beyond» атты танымдық көрмені ұсынды. 25 наурыз бен 29 маусым аралығында қонақтар бренд тарихының ізімен жүріп, 1941 жылғы алғашқы Tubogas білезігі, 1948–1949 жылдары шыққан Tubogas сағаттары және 1974 жылғы үш ежелгі грек теңгесімен безендірілген Monete Tubogas алтын мойынсапысы сияқты сирек экспонаттарды тамашалай алады. Аталмыш тарихи бұйымдардың бұрынғы иелері – атақты Барбара мен Фрэнк Синатралар.

Bvlgari
IMAGE Bvlgari
Bvlgari-дің Миландағы жаңа сәнді бутигі

Бұл тек брендтің өткенге деген құрметі ғана емес, сонымен қатар өнерді қолдауға арналған жаңа ізгі жобаның бастамасы болды. Bvlgari қоры Миланның мәдени тұғырын сақтау мақсатында Novecento мұражайына меценаттық көмек көрсететінін жариялады.

Bvlgari
Bvlgari-дің Миландағы жаңа сәнді бутигі
Bvlgari-дің Миландағы жаңа сәнді бутигі
3 фотоның / 1 фотосы Bvlgari