Бұл алқа әйелдердің киімі мен әшекейі еркін қимылдауға кедергі келтіретін заманда дүниеге келді. Бушерон бұл қолайсыздықты жоюдың жолын ұсындыОл мойынға бір ғана қозғалыспен ілінетін, ілгегі жоқ әшекей жасап шығарды. Алқаның асимметриялық пішіні сол заман үшін таңсық еді және сұрақ белгісіне ұқсайтын. Әшекейдің Point d’Interrogation (французшадан аударғанда «сұрақ белгісі») деген атауы осыдан шыққан.

Арада бір жарым ғасырдай уақыт өтсе де, бұл идея әлі күнге дейін өзекті. Boucheron жаңа кампейнде бұл алқаны тек тарихи әшекей ретінде ғана емес, еркіндіктің, даралық пен үнемі жаңалық іздеудің символы ретінде көрсетеді.


Кампейн түсірілімі Париждегі Вандом алаңы 26 мекенжайында орналасқан Boucheron тарихи бутигінде өтті. Алқа шырмауық, қауырсын және тамшы мотивтерімен безендірілген түрлі нұсқада ұсынылған. Кейбір модельдерді түрлендіріп, әртүрлі стильде тағуға болады.


Boucheron үшін мұра құр тарих қана емес. Бұл сонымен бірге эксперименттерді жалғастыру мүмкіндігі. Сондықтан 1879 жылы жасалған Point d’Interrogation бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, сән үйі стилінің басты символдарының бірі болып қала бермек.


