Style|Jewellery

Алматыдағы итальяндық талғампаздық: Bvlgari кешінің жарқын сәттері

АвторыTatler Kazakhstan
22.10.2026
Мария Мудряк және Ренато Мунафо | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Мария Мудряк және Ренато Мунафо | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Almaty Museum of Arts мұражайында Bvlgari қонақтары бас қосты. Олар сирек кездесетін әшекейлер мен заманауи өнер туындыларын тамашалап, әсем итальян музыкасының сүйемелдеуімен тамаша кеш өткізді

Bvlgari Үйі Алматыға бағалы тастармен көмкерілген әсерлі Serpenti топтамасынан бастап, антикалық тиындары бар Monete әшекейлеріне дейінгі ең айтулы туындыларын әкелді. Қонақтар оларды мұражай ішінде ерекше ықыласпен тамашалады: мұндағы әр витринаның алдында ұзақ тұрып, әр бөлшекке үңіле қарағың келеді.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Мұражай кеңістігінің өзі ерекше әсерге бөледі. Ол заманауи өнерде өзіндік қолтаңбасы бар Bvlgari стилінің мәнін аша түсіп, зергерлік топтамалармен керемет үйлесім тапты. Актриса Әсел Сағатова әшекейлердің көрмемен қаншалықты жарасқанын айтып берді:

«Бұл кеште арт-мұражайдағы өнерді де, әшекейлерді де, адамдарды да сүйсініп тамашалағың келеді. Bvlgari мұражай кеңістігін керемет пайдалана білген, гауһар тастардың жарқырауы көрменің табиғи жалғасындай көрінді. Жақын адамдар арасындағы жайлы кеш, әдемі меймандар және айналаңдағы сұлулықтың көптігінен басың айналатын сирек көңіл-күй. Өзімді бір сәтке өнер туындысының ішінде қалғандай сезіммен қайттым».
Әсел Сағатова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Әсел Сағатова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Опера әншісі Әйгерім Шәріпбек те кештен алған әсерімен бөлісті:

«Маған әсіресе әр бөлшегіне дейін ойластырылған талғампаз әрі эстетикаға толы орта қатты ұнады. Қонақтардың Almaty Museum of Arts директорымен бірге жаңа көрмені аралап шығуы — таптырмас мүмкіндік. Бұл өнер әлеміне жасалған шынайы танымдық әрі шабыттандыратын саяхат болды».
Әйгерім Шәріпбек және Зарина Әбдіқасымова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Әйгерім Шәріпбек және Зарина Әбдіқасымова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Кеш қонақтарына әдемі көңіл-күй сыйлаған опера әншісі Мария Мудряк Верди, Ардити және Пуччинидің арияларын орындады.

«Бұл барлық жағынан тамаша кеш болды. Зергерлік өнер мен музыка классикасы бір-біріне қатты ұқсайды. Екеуінің де негізінде табиғи сұлулық жатыр, ал қажырлы еңбектің арқасында ол одан сайын жарқырап, адамдарға ұмытылмас әсер сыйлайды! Гаухар мен Айжан (Гаухар Абыкаева мен Айжан Тұңғышбаева, Sansi-Bvlgari. – Tatler) және Римнен келген Bvlgari командасы қонақтарға ғажайып кеш тарту етті».

- Мария Мудряк -

Мария Мудряк | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Мария Мудряк | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Кеш қонақтарының қатарында мұражайдың негізін қалаған Смағұловтар отбасынан Мадина мен Ақжан, саясаттанушы Досым Сәтпаев және оның жұбайы, мұражайдың коммуникациялар және фандрейзинг жөніндегі директоры Гаухар Сәтпаева, әнші Ерке Есмахан мен музыкант RaiM болды. Сонымен қатар іс-шараға опера әншісі Әйгерім Шәріпбек, актриса Әсел Сағатова, «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова және оның қызы, қоюшы-суретші әрі сценограф Софья Тасмағамбетова, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры Айнұр Көпбасарова қатысты.

Мадина Смағұлова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Мадина Смағұлова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Ақжан Смағұлова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Ақжан Смағұлова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Әйгерім Өзембаева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Әйгерім Өзембаева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Айман Тұңғышбаева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Айман Тұңғышбаева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Аида Бимурзаева және Ания Латыева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Аида Бимурзаева және Ания Латыева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Әйгерім Шәріпбек, Әсел Сағатова және Валентина Дурумбетова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Әйгерім Шәріпбек, Әсел Сағатова және Валентина Дурумбетова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Айнұр Көпбасарова және Диана Азимова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Айнұр Көпбасарова және Диана Азимова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Айжан Тұңғышбаева, Гаухар Қаппарова және Гаухар Абыкаева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Айжан Тұңғышбаева, Гаухар Қаппарова және Гаухар Абыкаева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Ания Латыева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Ания Латыева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Әсел Сұлтанғалиева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Әсел Сұлтанғалиева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Әсел Сәдуақасова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Әсел Сәдуақасова | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Гаухар және Досым Сәтпаевтар | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Гаухар және Досым Сәтпаевтар | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Марха Ханукаева, Диана Азимова, Валентина Дурумбетова және Асал Шодиева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Марха Ханукаева, Диана Азимова, Валентина Дурумбетова және Асал Шодиева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Михаил Коваль және Лейла Балтиева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Михаил Коваль және Лейла Балтиева | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Мария Мудряк | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Мария Мудряк | Баспасөз қызметінің мұрағатынан