Style|Fashion

Жоғары сән матриархаты: Крис Дженнер Ferragamo кампейнінде отбасы құндылықтарының нағыз үлгісін көрсетті

АвторыTatler Kazakhstan
14.10.2026
Крис Дженнер | Ferragamo | Фотосуретші: Илья Липкин
IMAGE Крис Дженнер | Ferragamo | Фотосуретші: Илья Липкин
Құдіретті Кардашьян-Дженнер әулетінің анасы талантты режиссер Клара Калленнің объективінде басты рөлді сомдап, көпшілікке отбасы махаббаты, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін стиль және әйгілі Hug сөмкелері жайлы сыр шертеді

Италиялық Ferragamo сән үйі The Joy of Loving («Махаббат шаттығы») атты 2026 жылғы мерекелік науқанын ұсынды. Бұл жобаның басты ерекшелігі – түсірілім алаңына кәсіби модельдер емес, нағыз отбасылар шақырылған. Ал басты рөл әлемге танымал Кардашьян-Дженнер әулетінің культтік матриархы Крис Дженнерге бұйырды. Бренд өкілдерінің айтуынша, оның бүкіл өмірі мен жетістігі отбасына деген шексіз махаббатпен тығыз байланысты.

Крис Дженнер | Ferragamo | Фотосуретші: Илья Липкин
IMAGE Крис Дженнер | Ferragamo | Фотосуретші: Илья Липкин

Сюжет бойынша Крис Дженнер камера алдында қысқаша сұхбат беріп, өміріндегі жақындарының орны туралы әңгімелейді. Содан кейін ол бейнебір режиссер секілді эстафетаны науқанның басқа да кейіпкерлеріне табыстайды. Жобаға сән әлеміне танымал модель әрі активист Палома Эльзессер ағасы Сейджбен, америкалық The Womack Sisters вокалдық триосы, британиялық Bar Italia тобының дабылшысы Джезми Фехми сүйіктісі Чилитамен қатысты. Сондай-ақ кадрдан голливудтық актриса Джоан Чэнь мен оның қызын, актерлік шеберлік коучы Нэнси Бэнксті ұлымен, тіпті суретші София Тестиноны сүйікті итімен бірге көруге болады.

София Тестино | Ferragamo | Фотосуретші: Илья Липкин
IMAGE София Тестино | Ferragamo | Фотосуретші: Илья Липкин

Кампейннің режиссерлік тізгінін Клара Каллен ұстаса, ғажайып кадрларды танымал сән фотографы Илья Липкин таспалаған

«Біз отбасы ұғымын ерекше бағалайтын жандардың басын біріктіргіміз келді. Мақсатымыз – жасандылықтан қашып, шынайы отбасылардың қарым-қатынасындағы мөлдір махаббат пен қуанышқа толы сәттерді дәл сол қалпында жеткізу еді», –

- Ferragamo креативті директоры Максимилиан Дэвис -

Ferragamo | Фотосуретші: Илья Липкин
IMAGE Ferragamo | Фотосуретші: Илья Липкин

Бейнебаян кейіпкерлерінің образын брендтің танымал Hug және Cara сөмкелері, сондай-ақ классикалық Vara балеткалары толықтырып тұр. Максимилиан Дэвистің айтуынша, Ferragamo философиясының басты құндылығы – бір топтаманы әртүрлі буын өкілдерінің еш қымсынбай кие алуы және сүйікті заттардың ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес мұра ретінде берілуі.