Style|Fashion

Жаңа жылға не киеміз: мерекелік киімдерге арналған нұсқаулық

Автор Индира Тлегенова
10.12.2024
GUCCI
IMAGE GUCCI

Үйдегі отырыстардан бастап, театрдағы маңғаз кештерге дейін не киіп баруға болатыны жайлы кеңестер топтамасын дайындадық

Жаңа жыл жақындаған сайын мереке қарсаңындағы түрлі жиын-тойға не киіп барсам деген сұрақ мазалап, ойша гардеробты мың ақтарып тастайтынымыз бар. Құрбы-құрдас, дос-жаран алдында жарқ еткен образбен есте қалғыңыз келеді ғой. Кішігірім караокеге барсаңыз да, ақсүйектердің салтанатты кешіне жиналсаңыз да, мақсат біреу — мінсіз болу. Ондайда біреулер қарапайым ғана сәнді қара көйлегін іле салса, енді біреулер тәуекелге бел буып, жұрт талқысының басты тақырыбына айналатын образды таңдайды.

«Щелкунчик» балетіне бара қалсаңыз:

Таңдауыңыз бен талабыңыз Black Tie болса, шашауын шығармай, «ғажап» сөзіне синоним бола қалу үшін төмендегі образдарға назар аударыңыз. Сәнді ұзын көйлек киіп шыққыңыз келсе, Saint Laurent-ның femme fatale стиліндегі ұзын қолғабы бар көйлектер ерекше әсер қалдырады. Егер жеңіл әрі нәзік көрінгіңіз келсе, Victoria Beckham-ның көйлегі сізге құйып қойғандай жараса кетуі бек мүмкін. Сәл батылырақ қадамға барғыңыз келсе, Bottega Veneta-ның қызыл түсті, етегі қалың шашақты лапылдап жанған жалын тектес көйлегі кім-кімді де бей-жай қалдырмасы хақ.

BALENCIAGA, Әйелдерге арналған қара түсті тырысқан көйлек | Фото: balenciaga.com
IMAGE BALENCIAGA, Әйелдерге арналған қара түсті тырысқан көйлек | Фото: balenciaga.com
Victoria Beckham, Піл сүйегі түстес асимметриялық драпталған камильярд көйлек | Фото: victoriabeckham.com
IMAGE Victoria Beckham, Піл сүйегі түстес асимметриялық драпталған камильярд көйлек | Фото: victoriabeckham.com
Maison Margiela, Атластан жасалған макси көйлек | Фото: ssense.com
IMAGE Maison Margiela, Атластан жасалған макси көйлек | Фото: ssense.com
SHUSHU/TONG, Қара түсті банты бар миди бандо көйлек | Фото: ssense.com
IMAGE SHUSHU/TONG, Қара түсті банты бар миди бандо көйлек | Фото: ssense.com
УШАТАВА, Dachi макси көйлек комбинациясы | Фото: ushatava.com
IMAGE УШАТАВА, Dachi макси көйлек комбинациясы | Фото: ushatava.com
Ottolinger, Қиғаш өрнекті қызғылт макси көйлек | Фото: ssense.com
IMAGE Ottolinger, Қиғаш өрнекті қызғылт макси көйлек | Фото: ssense.com
BOTTEGA, Вискозды органзадан жасалған көйлек | Фото: bottegaveneta.com
IMAGE BOTTEGA, Вискозды органзадан жасалған көйлек | Фото: bottegaveneta.com
Saint Laurent, Шифоннан жасалған бюстье көйлек | Фото: viled.kz
IMAGE Saint Laurent, Шифоннан жасалған бюстье көйлек | Фото: viled.kz

Коктейль кешіне баратын болсаңыз:

Биыл батыл жандар коктейль кешіне іш киім стиліндегі көйлекпен барса, әбестік болмайды. Шаламөлдір маталар мен винтажды іш киім стиліндегі көйлектер трендке шықты. Соның ішінде Jean Paul Gaultier-нің жалаңаш дене иллюзиясымен үндес тромплёй принті бар «мөлдір» көйлегіне таңдауымыз түсіп отыр.

Ал ультра-сексуалды образ үшін Saint Laurent-ның мини-көйлекті шұлық бауымен үйлестіруі тамаша шешім секілді. Бұдан да жарқын образды қажет етсеңіз, Rabanne-нің әйгілі сақинамен өрілген мини-көйлегі көңіліңізден шығатынына сенімдіміз.

GUCCI, Жүннен жасалған жіппен кестеленген топ және мини-белдемше | Фото: gucci.com
IMAGE GUCCI, Жүннен жасалған жіппен кестеленген топ және мини-белдемше | Фото: gucci.com
RABANNE, Сақина өрімінен жасалған мини-көйлек | Фото: net-a-porter.com
IMAGE RABANNE, Сақина өрімінен жасалған мини-көйлек | Фото: net-a-porter.com
Jean Paul Gaultier, Shayne Oliver Edition қоңыр мини-көйлек | Фото: ssense.com
IMAGE Jean Paul Gaultier, Shayne Oliver Edition қоңыр мини-көйлек | Фото: ssense.com
Saint Laurent, Атлас матадан жасалған шұлық баулы блуза | Фото: ysl.com
IMAGE Saint Laurent, Атлас матадан жасалған шұлық баулы блуза | Фото: ysl.com
GIA STUDIOS, Bowie қара мини-көйлегі | Фото: ssense.com
IMAGE GIA STUDIOS, Bowie қара мини-көйлегі | Фото: ssense.com
Jean Paul Gaultier, Меринос жүнінен жасалған металл түспен жылтыратылған миди-көйлек | Фото: farfetch.com
IMAGE Jean Paul Gaultier, Меринос жүнінен жасалған металл түспен жылтыратылған миди-көйлек | Фото: farfetch.com
RED Valentino, Бантпен сәнделген мини-көйлек | Фото: tiffany-boutique.com
IMAGE RED Valentino, Бантпен сәнделген мини-көйлек | Фото: tiffany-boutique.com
AREA, Ақ түсті мини-көйлек | Фото: ssense.com
IMAGE AREA, Ақ түсті мини-көйлек | Фото: ssense.com

Үйдегі караоке кешіне не кием десеңіз:

Караокенің түбін түсірмесеңіз де, кештің көркі етер образдар бар. Мәселен, Malli-дің жібек корсетін киіп, өзіңізді будуар жұлдызындай сезініңіз. Ал Loewe-ның атлас көйлегін киген бикеш қолына шампан алып, қызыл кілемде селебритилерше жарқырап жүрері сөзсіз. Nicklas Skovgaard-тың жылтырақпен сәнделген жібек көйлегін киген сұлудың көркі жарықшаммен көмкерілген шыршадан да асып түсері анық.

Nicklas Skovgaard, Adyson қара күміс түсті макси-көйлек | Фото: ssense.com
IMAGE Nicklas Skovgaard, Adyson қара күміс түсті макси-көйлек | Фото: ssense.com
CECILIE BAHNSEN, Una көйлегі | Фото: ceciliebahnsen.com
IMAGE CECILIE BAHNSEN, Una көйлегі | Фото: ceciliebahnsen.com
Loewe, Принтпен сәнделген бюстье көйлек | Instagram: @loewe
IMAGE Loewe, Принтпен сәнделген бюстье көйлек | Instagram: @loewe
SUPER YAYA, Alexa Maxi эксклюзивті қызыл көйлегі | Фото: ssense.com
IMAGE SUPER YAYA, Alexa Maxi эксклюзивті қызыл көйлегі | Фото: ssense.com
USHATAVA, Тордан жасалған леггинс | Фото: ushatava.com
IMAGE USHATAVA, Тордан жасалған леггинс | Фото: ushatava.com
GUCCI, GG кестелі жүнді твид мини-көйлек | Фото: gucci.com
IMAGE GUCCI, GG кестелі жүнді твид мини-көйлек | Фото: gucci.com
Acne Studios, Күлгін түсті қаусырмалы макси-көйлек | Фото: ssense.com
IMAGE Acne Studios, Күлгін түсті қаусырмалы макси-көйлек | Фото: ssense.com
Malli, Mariyam сәнді корсеті | Фото: Malli
IMAGE Malli, Mariyam сәнді корсеті | Фото: Malli