Style|Fashion

Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар

Автор Индира Тлегенова
02.01.2025
commesi.com
IMAGE commesi.com

Schostal-дың сәнді кашемирінен бастап Le Petit Trou-дың қызықты жиынтығына дейін: қаңтардағы қарбалассыз күндерге арналған ұйқы киімдері

Корпоративтер мен жаңа жылдық кештер аяқталған соң, қаңтардағы демалыс күндерінің жайбарақат уақыты басталады. Салаттың қалғанын жеп, Netflix көруге де мінсіз пижама қажет. Schostal-дың жылы кашемиріне оранып, ұйқы әлеміне сүңгіп кетсеңіз де болады. Ал Cou Cou-дың нәзік киімдерімен сұлулықтың өзгеше реңктеріне бөленуге болатынын айта отырайық. Жылы жаққа сапарлап шыға қалсаңыз, дәл сол пижама тәулік бойы киюге жарайтын сәнді киімге айнала кетеді. Araks-тың жібек көйлекшесінде немесе Sleeper-дің әдемі жиынтығында жатын бөлмеден тыс жерлерге де шығуға болады. Осының бәрін есепке алып, сіздерге жайлылық пен стильді үйлестіретін пижамалардың әртүрлі нұсқаларын ұсынғымыз келеді.

Sleeper

Украиналық Sleeper бренді ұйқы мен шынайылық, үй мен сыртқы әлем арасындағы шекараларды жояды. Бұл пижаманы Дубайдағы бес күндік демалысқа өзіңізбен бірге ала кетуге болады. Қалада болсаңыз, пижаманың үстіне винтажды ішік пен жарқыраған берет киіп, Кэрри Брэдшоу сияқты «‎Армандағы ханзадаңызбен» кездесуге барыңыз.

the-sleeper.com
IMAGE the-sleeper.com
Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар

Tekla

Органикалық мақтадан тігілген Tekla-ның еркін пошымдағы жұмсақ түсті пижамалары — мереке соңындағы көңіл күйді көтерудің тамаша тәсілі. Нағыз дзен күйін сезіну үшін Birkenstock-пен бірлесіп шығарылған жұмсақ тәпішкелерді қоса алыңыз. Кейде ешқайда шықпау — ең жақсы демалыс.

teklafabrics.com
IMAGE teklafabrics.com
Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар

Comme Si

Италиялық Comme Si бренді шығарған боксёршалар жігітіңізден алып алған киімдей көрінеді. Бірақ мұндай сәнді жібек шортының оның гардеробында болуы екіталай. Оларды күндіз де, түнде де еш қысылмай киюге болады. Сонымен қатар премиум сапалы, сәнді түстердегі шұлықтарды да қоса ұсынамыз.

commesi.com
IMAGE commesi.com
Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар

Araks

Нью-Йорктік Araks бренді шығарған қызыл жібек көйлек елітіп әкету мен жайбарақат салғырттықтың белгісіндей. Бұл киімде өзіңізді еркін әрі табиғи сұлу сезінесіз. Тіпті үйдегі қарапайым демалыс күндері де тартымды болуға не кедергі?

Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар
Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар

Skims

«Сіздің ескі пижамаларыңызды біздің жұмсақ әрі ультра жайлы ұйықтауға арналған киімдермен салыстыруға келмейді», — дейді Skims бренді. Оның негізін қалаушы Ким Кардашьян әр пижаманы жеке өзі сынақтан өткізген. Сондықтан толықтай сенім артуға болады.

skims.com
IMAGE skims.com
Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар

Schostal

Италиялық Schostal брендінің қысқы пижамалары — нағыз люкс. Кашемир мен меринос жүні денені баурап, отбасыңызбен Netflix көруді шынайы жайлылық мерекесіне айналдырады. Себебі жайлылық бар жерде байлық та бар. 

schostaloriginals.com
IMAGE schostaloriginals.com
Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар

Cou Cou

Ең нәзік іш киімдерді кім шығарады деген сұрақ мазаласа, міне, жауап! Француздық шілтермен безендірілген сүйкімді топтама тартымдылық пен жайлылықты үйлестіре алған. Сүйіктіңізбен бірге өткізетін демалысқа бұдан артық іш киім таппайсыз.

coucointimates.com
IMAGE coucointimates.com
Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар

Le Petit Trou

Футболкамен ұйықтағанды ұнатасыз ба? Le Petit Trou-дың көкөніс бейнелері бар көңілді топтамасы дәл сізге арналған. Баялды, қызанақ және тұздалған қияр суреттері сіздің жайбарақат демалысыңызға ерекше көңіл күй сыйлайды.

en.le-petit-trou.com
IMAGE en.le-petit-trou.com
Жаңа жылдық демалыстағы ұйқыны жайлы ететін пижамалар