Style|Fashion

Жаңа жылға 15 ерекше сыйлық: Hermès лассосынан бастап, жылқы терінің жұпарына дейін

Автор Лилия Шабутдинова
14.11.2025
Hermès Paris ресми сайты
IMAGE Hermès Paris ресми сайты

Өтініш, «Жылқы жылы ғой» деп, жылқы бейнеленген кез-келген мағынасыз мүсіншені сыйлай салудан аулақ болыңыз. Қызыл Отты Жылқы жылында кәдімгі кәдесыйлар емес, дастархан басында тарихын айтып беретін ерекше сыйлықтар берген жөн: материалы қайдан алынған, пішіні қалай пайда болған, несімен ерекше, артында қандай құпия немесе аңыз жатыр?

Жылқы жылы қарсаңында, жылқы эстетикасының Hermès пен Gucci сияқты сән алпауыттарының түп-тамырына (немесе шабыт көзіне) айналғанын еске алудың реті келіп тұр. Осы орайда, біз де сіздер үшін көпшілік біле бермейтін ерекше сыйлықтарды іздеп таптық.

1. Petit h лассо-алқасы

Petit h – бұл Hermès-тің өндіріс қалдықтарынан бірегей заттар жасайтын шығармашылық зертханасы. Бұл «қоқыс қалдықтары» емес, бағалы материалдардан жасалған арт-нысандар. Мысалы, бұл алқа үшін классикалық carré орамалдарын пішуден қалған жібек твилл пайдаланылған.

Hermès Paris ресми сайты
Hermès Paris ресми сайты
Hermès Paris ресми сайты
Hermès Paris ресми сайты
Hermès Paris ресми сайты
5 фотоның / 1 фотосы Hermès Paris ресми сайты

2. Petit h жылқы мүсіншесі

Бұл Petit h жылқы мүсіншесі – Birkin және Kelly сөмкелерімен деңгейлес туынды. Ол Hermès шеберлері ең қымбат сөмкелерді тігетін taurillon және қолтырауын терісінің қалдықтарынан жасалған. Әшекейлерге арналған тұғыр ретінде пайдалануға болады. Un petit luxe.

Hermès Paris ресми сайты
IMAGE Hermès Paris ресми сайты
Hermès Paris ресми сайты
IMAGE Hermès Paris ресми сайты

3. Бие сүтінен жасалған TruNomad косметикасы

Саумал – ежелден күш пен сұлулық көзі саналған қасиетті бие сүті. Бүгінде ол тек сусын ретінде ғана емес, косметикада да қолданылады: дәрумендер мен минералдарға бай табиғи құрамы теріні ылғалдандырып, жұмсартады және қорғайды. Мұндай косметика Қазақстаннан апаратын ерекше сыйлық болатыны сөзсіз.

TruNomad ресми сайты
TruNomad ресми сайты
TruNomad ресми сайты
TruNomad ресми сайты
4 фотоның / 1 фотосы TruNomad ресми сайты

4. Galop d’Hermès хош иісі

Раушан мен жұмсақ былғары ноталары бар бұл хош иісті 2016 жылы Кристин Нажель жасап шығарған. Үзеңгі пішініндегі құты – Hermès-тің 1930 жылдары Нью-Йорктегі алғашқы бутигінің ашылуында қонақтарға ұсынған сыйлығына сілтеме.

Hermès Paris ресми сайты
IMAGE Hermès Paris ресми сайты

5. Loro Piana шахматы

Фигуралар алтынмен қапталып, жұқа бұзау терісімен қапталған. Ал қорабы жаңғақ пен үйеңкіден жасалып, жұмсақ кашемирмен әрленген. Патша мен уәзірдің ерекше пішініне таң қалмаңыз – олар 1951 жылдан бергі бренд рәмізі саналатын түйетікеннің өрнегімен безендірілген. Сыйлықты ұсынған кезде, мынандай бір қызықты жәйт айтсаңыз болады: ат фигурасы әр тілде әртүрлі аталады. Мысалы, ағылшынша оны knight (рыцарь) деп атаса, французша – cavalier яғни «атты әскер» деп атайды.

Loro Piana ресми сайты
IMAGE Loro Piana ресми сайты
Loro Piana ресми сайты
IMAGE Loro Piana ресми сайты

6. Mūraa «Сардар» күміс білезігі

«Сардар» – қазақ тілінде «жауынгерлердің қолбасшысы» дегенді білдіреді. Қазақстандық Mūraa брендінің шабыт көзі – көшпенділер таққан әшекейлер. Мәселен, мұндағы жылқы рәмізі – батылдық пен төзімділіктің белгісі.

Muraa Jewelry ресми сайты
IMAGE Muraa Jewelry ресми сайты
Muraa Jewelry ресми сайты
IMAGE Muraa Jewelry ресми сайты

7. Mors Hermès орамалға арналған сақинасы

Ат спортына жақын жандар бұл сақинадан ауыздықтың бейнесін бірден таниды (ауыздық – аттың жүгенінің ауызға салынатын бөлігі). Осы сақинаның көмегімен кішкентай орамал чокерге немесе білезікке, ал классикалық carré (Hermès брендінің әйгілі төртбұрышты жібек орамалы) топикке немесе белдемшеге айналады.

Hermès Paris ресми сайты
IMAGE Hermès Paris ресми сайты
Hermès Paris ресми сайты
IMAGE Hermès Paris ресми сайты

8. Рен Тонг иллюстрацияларымен безендірілген Hermès балалар ыдысы

Бұл ыдыстар қытай суретшісі Рен Тонгтың жарқын туындыларымен безендірілген. Әрбір сурет хромолитография тәсілімен толығымен қолдан салынған. Мұндай көз тартарлық табақшалар мен кеселер тіпті тамағына тәбеті жоқ баланың өзін қызықтырып, тәбетін ашатыны сөзсіз.

Hermès Paris ресми сайты
Hermès Paris ресми сайты
Hermès Paris ресми сайты
3 фотоның / 1 фотосы Hermès Paris ресми сайты

9. Hermessence Violette Volynka хош иісі

Бұл – нәзік шегіргүл мен аты аңызға айналған «орыс терісінің» тоғысқан жері. Бұл терінің тарихының өзі бір хикая: 1970 жылдары Корнуолл жағалауында суға батқан «Metta Catharina» кемесін көтергенде, ішінен екі ғасырға жуық су астында жатса да, бүлінбеген былғары орамдары табылған. «Орыс терісі» (немесе юфть) – дәстүрлі түрде ат әбзелдері сияқты берік бұйымдарға арналған материал. Hermès осы терілердің бір бөлігін сатып алып, олардан Kelly және Sac à dépêches сөмкелерін тігіп, кейінірек өз зертханасында сол ежелгі технологияны қайта жаңғыртқан. Бүкіл құпия теріні қайың қарамайы мен арнайы майларға сіңдіруде жатыр екен: дәл осы әдіс былғарыға ғажайып жұмсақтық, беріктік және суға төзімділік сыйлаған.

Hermès Paris ресми сайты
IMAGE Hermès Paris ресми сайты

10. Алтын түстес Maison Margiela табиі

Жаңа жылдық сыйлықтар тақырыбына бұл алтын «тұяқтар» өте сай келеді. Таби дегеніміз – бұл бас бармағы бөлінген дәстүрлі жапон аяқ киімі (немесе шұлығы). Қызықты дерек: Но және Кабуки театрларында салт атты жауынгерлерді сомдайтын актерлер костюмнің бір бөлігі ретінде осы табиді киеді.

Maison Margiela Paris ресми сайты
IMAGE Maison Margiela Paris ресми сайты

11. Jockette Hermès таға-алқасы

Таға, ырымға сай, сәттілік «төгіліп қалмауы» үшін ұштары жоғары қаратып жасалған. Айтпақшы, таға туралы бұл ырым қайдан шыққан? Оның тамыры Ежелгі Египетте жатыр: аңыз бойынша, сол кезде перғауындар мен ақсүйектердің жылқыларына шеберлер алтын таға жасайтын болған. Әрине, жолдан осындай қазынаны кездейсоқ тауып алу қарапайым адам үшін үлкен бақыт саналған.

Hermès Paris ресми сайты
IMAGE Hermès Paris ресми сайты
Hermès Paris ресми сайты
IMAGE Hermès Paris ресми сайты

12. Maison Margiela атқа мінуге арналған кепкасы

Бұл – бүйірінде брендтің фирмалық төрт тігісі бар, жокей шлеміне ұқсатылған кепка. Мұны кию арқылы, атқа мінбесеңіз де, салт аттылық эстетикасын толық сезіне аласыз.

Maison Margiela Paris ресми сайты
IMAGE Maison Margiela Paris ресми сайты
Maison Margiela Paris ресми сайты
IMAGE Maison Margiela Paris ресми сайты

13. Saphir Etalon Noir ер-тұрман сабыны

Бұл – бүкіл әлемдегі етікшілер мен былғары шеберлерінің жоғары бағасын алған аты аңызға айналған дөңгелек құты. Француз бренді оны ғасырға жуық уақыттан бері шығарып келеді. Бастапқыда ер-тұрман және қатты былғары бұйымдарын терең тазартуға арналғанымен, бұл сабын кір мен ескі жақпамай қабаттарын тиімді кетіріп, былғарының көздерін ашады және оны әрі қарайғы күтімге дайындайды. Тек нәзік былғары түрлеріне абайлап қолданған жөн.

Saphir Beauté du Cuir ресми сайты
IMAGE Saphir Beauté du Cuir ресми сайты

14. Epona Papillon Artisan Perfumes хош иісі

Соңғы жылдардағы басты парфюмериялық трендтердің бірі – «жылқы» тақырыбындағы хош иістер. Бұл қымбат ат әбзелдерінің, пішеннің, шөптің иісі бар парфюмерия. Мәселен, кельт құдайы Эпонаның құрметіне аталған Papillon Artisan Perfumes хош иісінде жылқы терінің жұпары да бар. «Менің парфюмімнен пішеннің, былғарының, жабайы шегіргүлдің және арнайы ер-тұрман сабынының иісі шығады. Сондай-ақ, жылқы терінің де иісі бар. Шын мәнінде, ол өте таза, жағымды жұпар, оның өзіне тән «сабынды» реңкі бар», – деп түсіндіреді парфюмер Лиз Мурс.

Papillon Artisan Perfumes ресми сайты
IMAGE Papillon Artisan Perfumes ресми сайты

15. Gucci «horsebit» қапсырмасы бар кез келген бұйым

Гуччио Гуччи өз кәсібін Италиядағы шағын дүкеннен бастаған. Ол жерде қымбат багажбен қатар, салт аттыларға арналған әбзелдер мен аксессуарларды да сатқан. Негізін қалаушының өмірбаянындағы осы деректен шабыт алған оның ұлы Альдо, 1953 жылы алғашқы лоферлерді безендірген әйгілі ауыздық пішінді қапсырманы (horsebit) ойлап тапты. Содан бері бұл horsebit брендтің басты таңбасына айналып, аяқ киімдерде, киімдерде және зергерлік бұйымдарда жиі кездесіп келеді. Ал бұл тарихтың өзі – сыйлықты ұсынған кезде айтып беруге таптырмас әңгіме.

GUCCI ресми сайты
IMAGE GUCCI ресми сайты