Style|Fashion

Жай ғана сөмке емес, нағыз жауһар: Cartier салтанатты кештерге арналған жеті жаңа үлгісін таныстырды

АвторыTatler Kazakhstan
01.11.2026
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Аметист, агат, барқыт пен атлас: Cartier сән үйі кешкі сөмкелер топтамасын жоғары зергерлік өнер қағидаларымен жасалған аксессуарлармен толықтырды

Cartier салтанатты кештерге арналған жеті жаңа сөмкені шектеулі данамен көпшілік назарына ұсынды. Сән үйінің шеберлері бұл туындыларды жасауда мұрағаттағы әшекейлерден шабыт алып, пішіндермен батыл ойнаған. Сондай-ақ олар бағалы әрі сәндік тастарды кеңінен қолданыпты. Нәтижесінде кез келген зергерлік бұйыммен еркін бәсекеге түсе алатын керемет топтама дүниеге келді.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Шеберлер сөмкелерге шар, цилиндр, жастықша және тіктөртбұрыш пішінін беріп, бисермен көмкеріп, аметист, жасыл агат және алтын түстес обсидианнан жасалған ілгектермен безендірген. Әсіресе бордо түсті бұзау терісінен тігілген цилиндр пішінді Cabochon сөмкесіне айрықша назар аударған жөн: шеберлер оған жіңішке шынжыр тағып, гессонит-анардан жасалған фирмалық кабошондармен көз тартарлықтай етіп безендірген.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Материалдарды таңдауда да шеберлер ерекше талғам танытқан: зүбәржаттай жасыл атлас, қою көк түсті фактуралы барқыт, алтын люрекс пен графит реңкті былғары артық декорсыз-ақ мерекелік көңіл күй сыйлайды.

Ніл қолтырауынының терісімен әдіптелген атлас матадан тігілген көпбұрышты клатчтар — өз алдына бөлек әңгіме. Шеберлер оларға Cartier сонау 1920-шы жылдардан бері қолданып келе жатқан жылжымалы ілгек жүйесін орнатып, тері әрлеуінің түсін ілгектегі тастың реңкімен әдемі үйлестірген.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Жаңа топтамадан Жанна Туссеннің мұрасына жасалған ерекше құрметті де байқауға болады. Сонау 1920-жылдардың басында брендтің негізін қалаушының немересі Луи Картье аксессуарлар бағытын дәл осы шеберге сеніп тапсырған еді. Сән үйінің өзіндік бет-бейнесін қалыптастырып, оның эстетикасын кешкі сөмкелерге, косметичкалар мен несессерлерге таратқан дәл осы кісі еді.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
«Бұл сөмкелер зергерлік бұйымдар іспетті жасалады. Олар — белгілі бір өмір салтын талғаммен көрсететін, ерекше кештерге арналған таңдаулы аксессуарлар».

- Марлин Юсон, Cartier брендінің аксессуарлар және былғары бұйымдар бағытының креативті директоры -