Style|Fashion

Зендеядан Лупита Нионгоға дейін: Одиссея жұлдыздарының қызыл кілемдегі ең жарқын образдары

АвторыTatler Kazakhstan
07.07.2026
Зендея | Dominik Bindl / Getty Images
IMAGE Зендея | Dominik Bindl / Getty Images
Кристофер Ноланның жаңа фильмі, 250 миллион долларлық бюджет, батыс мәдениетінің негізі саналатын ұлы эпос және жұлдызды актерлер құрамы. Биылғы жаздың (бәлкім, жылдың да) ең басты киножаңалығы – Одиссея фильмінің премьерасы 2026 жылдың 17 шілдесінде өтеді

Қазірдің өзінде фильмнің промотуры басталып, қызыл кілемде кемелер, троя тұлпарлары мен жұлдыздардың жарқын образдары көрініс тауып жатыр. Бұл сән додасында «метод-дрессинг» (кейіпкер стилін шынайы өмірге көшіру) өнерінің нағыз шебері Зендея қайтадан басты назарда. Ол Париждегі подиумда жаңа ғана таныстырылған Schiaparelli кутюр көйлегін санаулы сағаттан соң үстіне іліп, көпшілікті таңғалдырды. Ал оның әріптесі, үшінші сәбиін күтіп жүрген Энн Хэтэуэй грек эстетикасын өзінше, өте нәзік әрі заманауи үлгіде жеткізуді жөн көріпті. Актер жігіттер әзірге ежелгі тога киюге жүректері дауаламаған сыңайлы. Дегенмен, промотур енді ғана басталды, сондықтан сәнмен тәжірибе жасауға әлі уақыт бар. Төменде Одиссея фильмінің әлемдік премьераларындағы ең есте қаларлық образдарға тоқталамыз.

Зендея 

Шынын айтсақ, бұл промотурды бәріміз ең алдымен Зендея үшін күттік. Лука Гуаданьиноның Challengers фильмінен бері ол бізді әрбір шығуы кинодағы оқиғаның жалғасындай болатын ерекше тәсілге әбден үйретті. Одиссея фильмінде Зендея Афина тәңіриясының рөлін сомдайды, сондықтан біз одан құдайларға лайық образ күттік. Әзірге актриса мен оның стилисі Лоу Роуч көңілімізден толық шығып жүр. Лондондағы қызыл кілем үшін олар Париждегі подиумда енді ғана көрсетілген Schiaparelli кутюр көйлегін таңдады. Желіде «көрсетілімнің алдыңғы қатарында отырған Лоу Роуч көйлекті модельдің үстінен шешіп алып, жүрдек пойызбен Лондонға жеткізіпті» деген әзіл де тарап үлгерді.

Зендея | Mike Marsland / Getty Images
Зендея | Shane Anthony Sinclair / Getty Images
Роберт Паттинсон, Лупита Нионго, Том Холланд, Энн Хэтэуэй, Мэтт Дэймон, Шарлиз Терон және Зендая Одиссея фильмінің әлемдік премьерасында, 6 маусым 2026 жыл, Лондон, Англия | Grant Buchanan / Dave Benett / Getty Images
3 фотоның / 1 фотосы Зендея | Mike Marsland / Getty Images

Энн Хэтэуэй 

Одиссейдің адал жары Пенелопаның рөлін орындайтын Энн Хэтэуэй бұл сән марафонына тыңғылықты дайындалған. Жақында ғана үшінші рет ана атанатынын жариялаған актриса осындай ерекше кезеңде де қалай талғаммен киінуге болатынын көрсетіп жүр. Оның таңдауы – жеңіл пішімдер, үлпілдек маталар және романтикалық желбіршектері бар көйлектер.

Оның кейбір киімдерінен кино әлеміне жасалған қызықты сілтемелерді де байқауға болады. Мәселен, ең көп талқыланған образдардың бірі – аспан көк түсті Dior көйлегі. Бұл биылғы жылдың тағы бір үлкен премьерасы The Devil Wears Prada 2 фильміне жасалған әдемі ишарат екені сөзсіз. Сонымен қатар Blumarine-нің жеп-жеңіл ақ көйлегі мен Ashlyn брендінің ашық қызыл комбинезоны да көптің есінде қалды (айтпақшы, кейіннен актриса бұл комбинезонды теріс киіп алғаны белгілі болды). Энн образдарын үнемі Bvlgari әшекейлерімен толықтырады, өйткені бренд амбассадоры ретінде ол өзінің әр шығуына сән үйінің ең танымал бұйымдарын таңдайды.

Энн Хэтэуэй | Samir Hussein / Getty Images
Энн Хэтэуэй | Shane Anthony Sinclair / Getty Images
Энн Хэтэуэй | Bvlgari баспасөз қызметінің мұрағатынан
3 фотоның / 1 фотосы Энн Хэтэуэй | Samir Hussein / Getty Images

Лупита Нионго

Аңыз бойынша сұлулығы Троя соғысының басталуына себеп болған Троялық Еленаның (және оның егіз сіңлісі Клитемнестраның) рөлін ойнайтын Лупита Нионго өз кейіпкерінің мінезін ашатын образдармен көзге түсті. Лондондағы тұсаукесерде ол Christian Cowan брендінің шынжырлы торды еске салатын өте әсерлі көйлегімен шықты. Қызығы сол, дәл осы дизайнер 2025 жылы Сидни Суиниге тіккен тағы бір танымал көйлегінің кесірінен үлкен дауға қалған еді. Ол кездегі айғай-шу майданда емес, әлеуметтік желіде өрбіген болатын. Ал фотоколл кезінде Лупита сәл қарапайымдау, бірақ мінсіз көрінетін Chanel-дің жаңа круиздік топтамасындағы крем түсті көйлекті таңдады.

Лупита Нионго | Samir Hussein / Getty Images
IMAGE Лупита Нионго | Samir Hussein / Getty Images
Лупита Нионго | Jordan Pettitt / Getty Images
IMAGE Лупита Нионго | Jordan Pettitt / Getty Images

Том Холланд

Бұл промотурда ер актерлер әлдеқайда қарапайым киінген. Олар ежелгі антикалық стильге еліктемей, классикалық костюмдер мен күнделікті кэжуал стиліне басымдық берді. Алайда мұқият үңілсеңіз, олардың киімдерінен де қызықты құпияларды табуға болады. Мәселен, Одиссейдің ұлы Телемахты сомдайтын Том Холланд Gieves & Hawkes ательесі өзіне арнайы тіккен костюммен шықты. Бір қарағанда қатаң классикалық үлгідегі бұл костюмнің матасында Морзе әліппесі жасырылған екен. Оны тарқатып оқысаңыз, Одиссея сөзі шығады.

Том Холланд | Eamonn M. McCormack / Getty Images
IMAGE Том Холланд | Eamonn M. McCormack / Getty Images
Том Холланд | Shane Anthony Sinclair / Getty Images
IMAGE Том Холланд | Shane Anthony Sinclair / Getty Images

Роберт Паттинсон

Түсірілім алаңындағы әріптестері ежелгі грек мифтеріндегі кейіпкерлердің стилімен ойнап жатқанда, Паттинсон дәстүрлі ерлер гардеробынан айныған жоқ. Пенелопадан дәмелі жігіттердің бірі – Антинойдың рөлін орындаушы Лондон премьерасына Dior-дың сұр костюмін, ақ жейде және қара галстук киіп келді. Образ өте қарапайым көрінгенімен, Паттинсонға тән ресмиліктен алшақ, еркін стиль бұл киімді ішпыстырарлық классикаға айналып кетуден сақтап қалды.

Роберт Паттинсон | Jeff Spicer / Getty Images
IMAGE Роберт Паттинсон | Jeff Spicer / Getty Images
Роберт Паттинсон | Grant Buchanan / Dave Benett / Getty Images
IMAGE Роберт Паттинсон | Grant Buchanan / Dave Benett / Getty Images

Шарлиз Терон

Шарлиз Теронға антикалық тәңірия бейнесіне ену таңсық емес – оның «Оскар» мен «Алтын глобус» рәсімдеріндегі жарқын образдарын еске түсірудің өзі жеткілікті. Дегенмен көпшілік актрисаның Одиссея промотурындағы алғашқы бейнелерін біршама салқын қабылдады. Теңіз нимфасы Калипсоның рөлін ойнайтын ол Лондондағы шығулары үшін Givenchy үйіне жүгінген: актриса ұзын, жамбасқа дейін тілігі бар қара барқыт көйлекпен көрінді. Бұл бейнені көлемді желбіршегі бар ақ қолғап пен лондондық Glenn Spiro ювелирлік үйінің Desert Diamond сырғалары толықтырды. Ал афтепатиде ол осы образын басқа түстермен қайталап шықты.

Eamonn M. McCormack / Getty Images
IMAGE Eamonn M. McCormack / Getty Images
Ricky Vigil M/Justin E Palmer / Getty Images
IMAGE Ricky Vigil M/Justin E Palmer / Getty Images

Миа Гот

Британдық актриса Миа Гот – Dior сән үйінің амбассадоры. Сондықтан оның Лондондағы әлемдік тұсаукесерге Джонатан Андерсонның жаңа круиздік топтамасындағы көйлекті таңдауы заңдылық. Бұл жеңіл драпировкасы бар, моншақпен көмкерілген ерекше киім еді. Одиссея фильмінде Миа Гот түпнұсқа тарихта өз сатқындығы үшін жазаланатын Пенелопаның күңі Мелантоның рөлін ойнайды. Мүмкін, осындай нәзік образ бен кейіпкердің қараңғы тағдыры арасындағы қарама-қайшылық актрисаның бұл шығуын есте қаларлықтай еткен болар.

Мия Гот | Eamonn M. McCormack / Getty Images
IMAGE Мия Гот | Eamonn M. McCormack / Getty Images

Саманта Мортон

Саманта Мортон көпшіліктің назарына аса іліге бермеуі мүмкін, бірақ стиль мәселесінде ол өзінің Одиссея-дегі әріптестерінен бір мысқал да қалысқан жоқ. Актриса өз кейіпкерін терең түсіне отырып, мінезі бар образдарды таңдаған. Әсіресе, Bottega Veneta-ның 2026-2027 жылғы күз-қыс топтамасындағы былғары көйлегі мен Alexander McQueen-нің Pre-Fall 2026 топтамасындағы атлас көйлегін ерекше атап өткен жөн. Бұл киімдер оның кейіпкері – сиқыршы Цирцеяның табиғатын дөп басып, әдемі жеткізіп тұрды.

Саманта Мортон | Eamonn M. McCormack / Getty Images
IMAGE Саманта Мортон | Eamonn M. McCormack / Getty Images
Саманта Мортон | Shane Anthony Sinclair / Getty Images
IMAGE Саманта Мортон | Shane Anthony Sinclair / Getty Images