Зендея Кристофер Ноланның «Одиссея» фильміне арналған промотурын Лондондағы фотоколмен жалғастырды. Бұл жолы ол көпшілік алдына біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдыққа тиесілі көне әшекеймен шықты, деп хабарлайды WWD басылымы.
Актриса таққан сырға қазіргі Иран аумағынан табылған, күн символдары бейнеленген дискілі салпыншақтардан тұрады. Ғалымдар бұл жәдігердің жасын екі-үш мың жыл деп бағалап отыр. Салыстыру үшін айтсақ, атақты Рим империясы біздің заманымызға дейінгі 27 жылы Октавиан Август принципат режимін орнатып, билікті өз қолына шоғырландырған кезде ғана құрылған болатын. Ал бұл тарихи жәдігерлерге зақым келтірмес үшін, олар қазіргі заманғы гауһар тасты арнайы жақтауға бекітіліп, сырғаға айналдырылған.
Айтулы шара үшін актриса Jacquemus брендінің ақ көйлегі мен Christian Louboutin туфлиін таңдаған. Сонымен қатар ол көне сырғаның жанына Barron London топтамасынан гауһар тасты бірнеше жүзік тақты.
Әшекейдің бұлайша мұқият таңдалуы актрисаның кинодағы рөлімен тікелей байланысты: фильмде Зендея Афина тәңіриясын сомдайды. БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, картинаның бүкіл промотуры антикалық кезеңнен сыр шертетін бірыңғай стильде құрылған. Мәселен, бұған дейін лондондық Трайбекада өткен алғашқы көрсетілімде де ол көне грек пеплосын еске салатын киім мен алтын түсті сандал киіп шыққан еді.
