Style|Fashion

Visa Fashion Week Tashkent 2026: екі әлемнің түйіскен тұсындағы жаңа маусым

АвторыTatler Kazakhstan
30.10.2026
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
2026 жылдың қарашасы Ташкентте үлкен сән мерекесімен басталмақ. Қала төріндегі Uzexpocentre көрме кешені 17-18 қараша күндері халықаралық Visa Fashion Week Tashkent апталығына есігін айқара ашады

Бұл маусым PARALLEL(S) деген ерекше тақырыппен өтіп, бір-біріне ұқсамайтын әлемдерді — шынайы өмір мен цифрлық кеңістікті, байырғы дәстүр мен озық заманауилықты, сондай-ақ өткен мен келешекті қатар тануға шақырады. Бұл жолы сән әлемі тек үйреншікті подиуммен шектелмей, мүлдем жаңа деңгейге көтерілмек. Шынайы киім үлгілері цифрлық бейнелермен әдемі тоғысып, LED-экрандармен жабдықталған мультимедиялық кеңістік көрерменге бұрын-соңды болмаған визуалды әсер сыйлайды.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
«Шынайы өмір мен оның көрінісі арасындағы шекара қай жерден өтеді? PARALLEL(S) — сәннің екі әлемнің түйіскен тұсында қалай өмір сүретініне берген жауабымыз. Біз физикалық және виртуалды кеңістіктерді бөліп-жармаймыз, керісінше, олардың бір-бірін қалай толықтырып, көкжиегімізді қалай кеңейтетінін зерттейміз. Осы арқылы сән индустриясын біртұтас құбылыс ретінде көрсеткіміз келеді».

- Бауыржан Шәдібеков, Visa Fashion Week бас директоры -

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Биылғы апталықтың тағы бір ерекшелігі — Орталық Азияның мәдени мұрасына айрықша құрмет көрсетілуі. Ұлттық нақыштар, дәстүрлі қолөнер мен көз майын тауысқан қол еңбегі заманауи технологиялармен үндесіп, мүлдем жаңаша сипатқа ие болмақ. Осылайша, олар халықаралық сән тілінің ажырамас бөлшегіне айналмақшы. Бір подиумда әлемге танымал шеберлер мен Visa қолдауымен өтетін Next Designer Award байқауының финалистері — жас таланттар кездесіп, өзара тәжірибе алмасады. Бұл — көпті көрген тәжірибе мен жалындаған жаңашылдық, тамыры терең дәстүр мен болашақ идеялары ұштасқан нағыз ұрпақтар диалогы.

Сән апталығының шымылдығы PODIUM жобасымен бірлесіп дайындалған арнайы көрсетіліммен жабылмақ. Бұл кеште итальяндық PINKO бренді заманауи нәзіктік, талғампаздық және өзіне сенімді стиль туралы өз көзқарасын паш етеді.

Көрсетілімдер кестесі

17/11

15:30–16:30 – Street Style

17:00 – Rami Kadi Maison de Couture (Ливан)

17:30 – Lazizar (Өзбекстан)

18:00 – BOTAI (Финалист NDA, Қазақстан)

18:30 – Faina (Армения)

19:00 – Avtandil (Грузия)

19:30 – Dildora Kasimova (Өзбекстан)

18/11

14:00–15:00 – Street Style

15:00 – Amal Vagram (Өзбекстан)

15:50 – Ikat by Asmira (Өзбекстан)

16:40 – Morobulsin (Өзбекстан)

18:30 – Michel & Amazonka (Моңғолия)

20:00 – PINKO (Италия)