Style|Fashion

Ulyana Sergeenko жаңа топтамасында аңшылық стилі мен талғампаздықты ұштастырды

АвторыTatler Kazakhstan
28.09.2026
Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов
Брендтің жаңа желісі дәстүрлі аңшылық костюмдерден және 1970-ші жылдардағы образдардан шабыт алды

Ulyana Sergeenko сән үйі Demi-Couture күз-қыс 2026/27 топтамасын ұсынды. Бұл туындылар заманауи үлгіде қайта қаралған дәстүрлі аңшылық костюмдер негізінде жасалды. Жаңа топтама кейіпкерінің образы «Кто?» фильміндегі Роми Шнайдердің ерекшеліктерін және 1970-ші жылдардағы Жаклин Кеннеди-Онассис стилін тамаша үйлестіреді. Мұндағы ұстамдылық пен талғампаздық әйелдің ішкі күш-қуатын одан әрі айшықтай түседі.

Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов
Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов
Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов
Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов

«Аңшылық» тақырыбы құрдың шұбар қауырсынынан шабыт алған авторлық принт арқылы өте анық ашылады. Құстың түсі оның табиғи ортаға бейімделуіне көмектеседі. Дәл осы ерекше түс көйлектер мен блузкалардағы көптүсті өсімдік өрнектеріне негіз болды. Киім пішімдері сән үйіне тән белге, иыққа және жамбасқа жасалатын басты акцентті толық сақтайды. Костюмдік жүннен тігілген қыналған жакеттер тік жағамен, асимметриялық ілгектермен және ұзақ қолданыстан созылып кеткендей көрінетін жапсырма қалталармен толықтырылған. Қысқа күртешелер аңшылық спенсерлердің пішінін қайталайды. Биік белі бар шалбарлар галифені еске түсірсе, айқаспалы белдемшелер атқа мінуге арналған амазонка-белдемшелерінің ерекшеліктерін сақтайды.

Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов

Топтаманың түстер палитрасында қоңыр және зәйтүн реңктері сұр-көк, қою қызыл және сарғылт түстермен керемет жарасым тапты. Жалпы гардероб үлбірмен әрленген қыналған пальтолар мен тондар арқылы толыға түсті. Оған қоса тоқылған бини бас киімі, қаракөлшеден жасалған кішкентай «ток» қалпағы және жокей аяқкиімінен шабыт алған биік былғары етіктер образды одан әрі әрлейді.

Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов
Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов

Дизайнерлер ұсақ бөлшектерге де ерекше назар аударды. Қолдан жасалған түймелердегі тесіктер оқ ізін еске түсіреді. Олардың жанында «У.С.» деген әріптер кесіп жазылған. Ал алтын жалатылған күмістен жасалған брошкалар мен кулондар бос жақтау пішінінде орындалды. Бұл ерекше образдарды былғары қолғаптар мен жез ілгегі бар белдіктер түйіндейді. Оған қоса кеңестік бұйра печеньені еске түсіретін толқынды контуры бар былғары мен күдері сөмкелер де қосылады.

Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов
Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов
Фотосуретші: Дамир Жүкенов
IMAGE Фотосуретші: Дамир Жүкенов