Style|Fashion

Ulyana Sergeenko сән үйі жаңа кешкі топтамасын таныстырды

АвторыTatler Kazakhstan
10.11.2026
Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов
IMAGE Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов
Жаңа топтамада барқыттан, муслиннен және шифоннан тігілген, хрусталь бөлшектермен көмкерілген ерекше образдар бар

Ulyana Sergeenko сән үйі қалың көпшілікке жаңа кешкі топтамасын ұсынды. Желінің басты әшекейі – хрустальдан жасалған арнйы бөлшектер. Оларды Мальцов атындағы Гусев хрусталь зауытының шеберлері жасады: сән үйі бұл зауытпен 2021 жылдан бері тығыз жұмыс істеп келеді. Сөйтіп, дәстүрлі қолөнер заманауи жоғары сәнмен үйлесім тапты: шағын ғана хрусталь бөлшектер киімдер мен аксессуарлардың нағыз көркіне айналды.

Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов
IMAGE Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов
Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов
IMAGE Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов

Жаңа желіні жасағанда сән үйі өз мұрағаты мен өзіне тән эстетикасына қайта оралды. Дизайнерлер әртүрлі кейіпкерлерге арнап образдар жасады: әрқайсысының өз мінезі мен көңіл күйі бар, бәрі Ulyana Sergeenko-ның қолтаңбасымен қайта пайымдалған.

Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов
IMAGE Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов
Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов
IMAGE Ulyana Sergeenko бренді | Фотограф: Дамир Жүкенов

Барқыт, жеңіл муслин және үлпілдек шифон бір-бірін толықтырып тұр. Ал 2027 жылдың символы – ешкі: хрусталь ешкілер кешкі образдарға сәл әзіл қосып, оларды одан да ерекшелендіре түседі. Жаңа топтамадағы киімге қазірдің өзінде алдын ала тапсырыс беруге болады.