Style|Fashion

«Целинныйда» алматылық Törteu дизайнерлер тобының көрсетілім-перформансы өтті

АвторыTatler Kazakhstan
19.03.2026
Törteu | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотограф: Ақжібек Шаймерденова
IMAGE Törteu | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотограф: Ақжібек Шаймерденова
Jailau. Qazaq välsi перформансы сән әлемі, сахналық қойылым және музыканы тоғыстырды

Törteu ұжымы «Целинный» орталығының қонақтарына бұрыннан таныс – олар өткен жылы осы жерде үлкен табыспен өткен Barsakelmes перформансының костюмдерін жасаған болатын. Бұл жолы көрерменді ерекше сахналық дизайн қарсы алды: зал кеңістігі екі түрлі болмысқа бөлінгендей әсер қалдырды. Модельдер төмендегі подиуммен жүріп өтсе, олардың «бейнесі» іспетті төбеден төмен қарай асылып тұрған манекендер көрермен назарын баурап алды.

Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
IMAGE Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
IMAGE Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
IMAGE Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
IMAGE Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова

Шоудың шымылдығын Роза Рымбаева «Заман-ай» әнімен ашты. Дәуірлер ауысуы мен тарихтың қасіретті беттерін баяндайтын бұл туынды бүкіл көрсетілімнің мағыналық бағытын айқындап берді. Тарихи жады, ұрпақтар сабақтастығы мен ішкі трансформация тақырыбы барлық топтаманың ортақ желісіне айналып, өткенді заманауи сән тілімен сөйлетуге мүмкіндік берді.

Роза Рымбаева | Фотосуретші: Томирис Дәулетова
IMAGE Роза Рымбаева | Фотосуретші: Томирис Дәулетова

Алматылық төрттіктің алғашқы болып өз өнерін Алмас Керімбек (Qanaker бренді) ұсынды. Дизайнер «Кеңес» топтамасын жасауда XX ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының бейнесінен шабыт алған. Мұнда сәулетті силуэттердегі қатаңдық, торғын мата мен бисермен өрнектелген нәзіктік және өткен ғасырдың басына тән стимпанк эстетикасы үйлесім тапқан.

Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
8 фотоның / 1 фотосы Qanaker | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова

Одан кейін подиумға Расул Социалдың (Rassul Social бренді) «Шыңырау» топтамасы шықты. Бұл туындыға Әбіш Кекілбаевтың аттас повесі арқау болған. Топтама Маңғыстаудың ең терең құдығын қазуды мақсат еткен Енсеп құдықшының тағдыры туралы философиялық хикаяны баяндайды. Киімдердің түсі ақшыл бейнелерден бірте-бірте қараңғы, ауыр образдарға ауысады. Табиғи, бейне бір күнге оңған немесе шаң басқандай көрінетін түстер гаммасы мен көпқабатты фактуралар тереңдік сезімін сыйлайды.

Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
8 фотоның / 1 фотосы Rassul Social | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова

Әсем Сапаргали (Assem Sapargali бренді) Cliché топтамасымен ішкі қайшылық пен өз болмысын іздеу тақырыбын жалғастырды. Перформанс Иероним Босхтың аллегориялық бейнелеріне сілтеме жасайды. Мұндағы басты идея – Оскар Уайльдтың «Дориан Грейдің портреті» романындағыдай, адамның өз бейнесімен бетпе-бет келуі. Подиумда қара түсті гаммадағы гранж стиліндегі әйел бейнелері: қатаң пальтолар, денеге қонымды пішіндер мен ерекше бас киімдер ұсынылды.

Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
8 фотоның / 1 фотосы Assem Sapargali | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова

Көрсетілімнің соңғы блогын Абзал Сейдин «058» топтамасымен қорытындылады. Дизайнер Карлаг (1930-1959 жылдардағы КСРО-дағы ең ірі еңбекпен түзеу лагерьлерінің бірі) бейнесін негізге алған. Бірақ бұл тікелей тарихи баяндау емес, тұйық кеңістік пен қатаң тәртіптің метафорасы іспетті. Перформанс ақшыл-сарғыш, бейне бір үйлену көйлегіне ұқсас образдармен басталып, кейін оған қарама-қайшы қара түсті, реттік нөмірлері бар қатаң киімдермен жалғасты.

Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова
7 фотоның / 1 фотосы Abzal Seidin | Баспасөз қызметінің мұрағаты | Фотосуретші: Ақжібек Шаймерденова

Сән перформансы Darioda және Samrattama-ның өнер көрсетуімен толықты. Финалда барлық қатысушылар ортақ биге бірігіп, «қазақ вальсі» – Qazaq välsi ұғымын ұжымдық жадының, түйіскен тағдырлар мен жаңа бастамаға деген үміттің нышаны ретінде ашып көрсетті.

Darioda | Фотосуретші: Томирис Дәулетова
IMAGE Darioda | Фотосуретші: Томирис Дәулетова
Samrattama | Фотосуретші: Томирис Дәулетова
IMAGE Samrattama | Фотосуретші: Томирис Дәулетова
Qazaq välsi | Фотосуретші: Томирис Дәулетова
IMAGE Qazaq välsi | Фотосуретші: Томирис Дәулетова